Қазақстанда ДСҰ аясында бизнесті қолдау жақсы жолға қойылған - А.Дегтярева - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда ДСҰ аясында бизнесті қолдау жақсы жолға қойылған - А.Дегтярева

Қазақстанда ДСҰ аясында бизнесті қолдау жақсы жолға қойылған - А.Дегтярева

Қазақстанда ДСҰ аясында бизнесті қолдау жақсы жолға қойылған. Мұндай қолдау елдің экономикалық дамуына одан әрі серпін береді.

  • 4 Тамыз 2015
  • 421
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ойымен «Happy Farm» америкалық бизнес-акселераторының бас директоры Анна Дегтярева бөлісті.

«АҚШ ЖІӨ 90 пайызы шағын және орта бизнестен құралады. Бұл көрсеткіш жоғары болған сайын экономика жақсы жұмыс жасайды. Америкада бұл пайыз төмендесе, неге адамдар жеке бизнес жасағысы келмейді деп дабыл қағылады. Сондықтан, оларда түрлі оқыту, инвестициялық бағдарламалар жетерлік. Қазақстанға келер болсақ, мұнда да шағын және орта бизнесті қолдауға көп көңіл бөлінеді екен. Әлемде жас кәсіпкерлерге грант, кредит беретін түрлі стартап бағдарламалары бар ел аса көп емес», — деді ол.

Оның айтуынша, технология біздің өмірімізді өзгертіп жатыр. Қазір біз мессенджерсіз өмір сүре алмаймыз, ал бұрын шабарманды айлап күтуге тура келетін.

«Жаңа технологияны жасап жатқандардың барлығы — жастар. Олар миллирдтаған компания құрып жатыр. IT бизнес көп ақша салуды талап етпейді. Егер мен мұнай өндірумен айналысқым келсе, оған өте көп мөлшерде ақша керек. Егер сайт ашқым келсе, оны өзім де аша аламын. Оған маған 300 доллар ғана жетеді», — деді ол.

Маман жастардың кәсіпкерлігі үлкен бизнеске қадам бастайтынын жеткізді.


«Бұл технологиялар күрделі процестерді жеңілдетеді. Мәселен «Қазпошта» қызметінде автоматтандырылған почтоматтар бар. Осы технологиялардың артында жастардың стартапы тұр. Стартаптар ДСҰ-ға кіру жағдайында аса маңызды рөл ойнайды. Қазір Қазақстанда стартап-қозғалыс әлі тәй-тәй басып келеді. Жеке инвесторлар аз. Дамудың келесі кезеңінде жеке капиталды тарту керек. Қазір оларды Кеңес Рақышев, Қайрат Мәжібаев, Вячеслав Ким сияқты белгілі кәсіпкерлер қолдап жатыр», — деді А.Дегтярева. 

Соңғы жаңалықтар