Н.Назарбаевтың пікірінше, «елімізде «Сауда-өнеркәсіптік палата туралы» заң қабылдап, дұрыс басшы тағайындау керек».
Елбасының айтуынша, сауда-өнеркәсіптік палата бизнестің мүддесін қорғап, соттармен және прокуратурамен ықпалдаса жұмыс істеуі тиіс.
Палата кәсіпкерлік сала мен билік арасындағы алтын көпірге айналуы тиіс екенін атап көрсеткен Елбасы осы орайда елімізде сауда-өнеркәсіптік палатаны құру жұмысының сөзбұйдаға салынып кеткенін ескертті.