«Тек бақылау-тексеру жөніндегі заңнама мен тәжірибеге ғана емес, сонымен бірге экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесіне кешенді ревизия жүргізу қажет «, — деді В. Школьник.
«Тексеру — реттеу талаптарын қамтамасыз ету құралы. Егер сертификатталған тауарлардың, лицензия берілетін қызмет түрлерінің саны азайтылса, соған сәйкес, тиісті бақылау шараларының саны да азаяды», — деді ол.
В. Школьниктің айтуынша, «қазір шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның тапсырмасымен барлық органдар бақылаушы органдардың нормативтік базасы мен тәжірибесіне жан-жақты талдау жасауда». «Көптеген бірлестіктер мен кәсіпкерлердің топтары, өкілетті сарапшылар мен заңгерлер әлеуметтік зерттеу сауалнамаларын тапсырды.Осындай мәліметтер базасы өңделіп жатыр», — деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті