Қазақстанда экономиканы одан әрі диверсификациялау жөніндегі шаралар жоспары жасалады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда экономиканы одан әрі диверсификациялау жөніндегі шаралар жоспары жасалады

Қазақстанда экономиканы одан әрі диверсификациялау жөніндегі шаралар жоспары жасалады

Бүгін, 8-шілдеде Алматыда "Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі және кластерлік дамудың келешегі" атты жобаның тұсаукесері жасалды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 8 Шiлде 2004
  • 849
Фото - Caravan.kz

ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің жанындағы «Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы» АҚ басқармаларынң төрағасы Нұрлан Құсайыновтың айтуына қарағанда, жобаны ҚР үкіметінің тапсырмасымен «Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы» АҚ халықаралық консалтингтік JAA және ECG компанияларымен бірлесе отырып жасауда.

12 айлық жобаның мақсаты — Қазақстан экономикасының шикізат өндіруден өзге жетекші салаларының бәсекелестік қабілетін арттыруға бағытталған нақты іс-шаралар жоспарын жасау болып табылады.
Жоба бюджеті 2,5 млн. долларға тең. Қазақстанның бәсекелестік артықшылықтарын талдап сараптау негізіндегі нақты ұсыныстар биылғы жылдың аяғына дейін жасалуы тиіс.

Перейти к новостям спорта