Қазақстанда экономиканың "қызыну" және соның салдарынан елдің бәсекелестік қабілетіне қатер төну қаупі бар - kaz.caravan.kz
  • $ 509.94
  • 593.88
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда экономиканың "қызыну" және соның салдарынан елдің бәсекелестік қабілетіне қатер төну қаупі бар

Қазақстанда экономиканың "қызыну" және соның салдарынан елдің бәсекелестік қабілетіне қатер төну қаупі бар

АСТАНА. 9-ақпан. Kazakhstan Today. Қазақстанда экономиканың "қызыну" және соның салдарынан елдің бәсекелестік қабілетіне қатер төну қаупі бар. Бұл туралы бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысында үкіметтің 2007-2009-жылға арналған бағдарламасы туралы баяндама жасаған үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 9 Ақпан 2007
  • 494
Фото - Caravan.kz

«Тұтастай алғанда елімізде әлеуметтік-экономикалық ахуалдың біршама жақсаруына қарамастан, экономикалық тұрақтылыққа әсер ете алатын, ел экономикасының «қызыну» қаупін арттыра түсетін бірқатар факторлар бар, ал ол өз кезегінде елдің бәсекелестік қабілетіне қатер төндіреді»,- делінген құжатта.

«Республика экономикасы шетел валюталарының үлкен ағымы ахуалында, нақты және банк секторының сырттан алатын несиелерінің көлемі мен шетелдік инвестициялар арта түскен жағдайда дамып келеді. Бұл тиісінше экономикаға инфляциялық тұрғыда қысым көрсетіп, теңгенің айырбас бағамының нығаюына алып келуде»,- делінген үкіметтің бағдарламасында.

Сонымен бірге, бағдарламада атап көрсетілгеніндей, «елімізде экономиканың қаржылық тұрақтылығына қатер төнуде. Шетелдік капиталдың есебінен несиелік қоржынның көлемін ұлғайту экономикалық өсім бәсеңдеген және әлемдік нарықтағы баға конъюнктурасы нашарлаған жағдайда банктер мен шаруашылық субьектілердің активтерінің сапасына кері әсер етуі ықтимал».

Сонымен бірге, үкіметтің пікірінше, «несиелердің кейбір саладарда ғана шоғырлану проблемасы туындап отыр. Өйткені, таратылған несиелердің басым бөлігі сауда, құрылыс, өндіріске жатпайтын салалар мен жеке кәсіпкерлік салаларының үлесіне тиюде. Бұл экономиканың кейбір салаларының «қызыну» көрінісіне түрткі болуы мүмкін».

«Экономиканың тек шикізатқа ғана иек сүйеу бағыты бұрынғыдай басымдық сипатта. Инвестициялардың басым бөлігі шикізат өндіруші салаға ағылуда. Экспортталатын өнімдердің аарсында шикізатқа жатпайтын өнімдер өте төмен деңгейде. Экономиканы әртараптандыру және модернизациялау әлеуеттері жүзеге асырылмай отыр»,- делінген құжатта.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті