Жарияланды: 2500

Қазақстанда экстремалды туризмді дамытуға толық мүмкіндік бар - сарапшы

Қазақстанда экстремалды туризмді дамытуға толық мүмкіндік бар. Бұл туралы «Менің елім» Ішкі туризмді дамыту қауымдастығының президенті Гаухар Жеңісбек мәлім етті.

«Қазақстанда экстремалды туризм де жеткілікті деңгейде дамымаған. Ал, біздің елімізде оны дамытуға мүмкіндік жоқ емес», - деді ол «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне берген сұхбатында. Оның айтуынша, Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облыстарын экстремалды туризм орталықтарына айналдыруға болады. «Мысалы, тарзанкадан секіру - экстремалдар арасында өте танымал дүние. Алматыдан осыны ұйымдастыратын орын табуға болады. Ол үшін тауда сондай орындар ашып, жарнама жасап жіберсе жеткілікті», - деп атап өтті сарапшы. «Таудағы ат туризмін де экстремалды бағыттардың біріне жатқызуға болады. Оны Қазақстанның оңтүстігінде дамытуға әбден болады», - дейді Г.Жеңісбек. «Мысалы, Ақсу-Жабағылы қорығына келетіндердің 80 пайызы голландтықтар, ағылшындар мен немістер. Олар жыл сайын отбасыларымен бірге осында келіп, рахаттанып демалады. Хаң-Тәңірі шыңына шығу да экстремалды туризмнің танымал түрлерінің бірі», - деп атап өтті ол. Сұхбатты «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің www.interfax.kz сайтынан оқуға болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін