Қазақстанда электронды еңбек биржасы істей бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда электронды еңбек биржасы істей бастады

Қазақстанда электронды еңбек биржасы істей бастады

Бүгін пилоттық тәртіпте Астана, Алматы және Павлодар қалаларының кәсіпкерлері жаңа электронды сипатта қызметкерлерді таңдау қызметін қолдана алатын Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) іске қосылды.

  • 4 Қазан 2017
  • 285
Фото - Caravan.kz

Компаниялар үшін жаңа жан-жақты тәртіп енгізілген, яғни бос жұмыс орындарын,  халықты жұмыспен қамту орталықтарына (ХЖҚО) міндетті түрде келіп қатынаспай ұсынуға болады. Енді, жұмыс беруші өзінің бос жұмыс орны туралы ақпаратты электрондық еңбек биржасында жеке кабинеті арқылы беріп, бұл бар бос жұмыс орындар бойынша мәліметтерді ұсыну туралы міндетті заңнама қағидаттарының іске асырылуын жеңілдетеді.

Қажетті қызметкерді іздеудің барлық үдерістері кәсіпкерлермен өзара белсенді және нақты байланысқа өтумен сүйемелденеді. Компанияларға тек жұмыспен қамту орталықтарына біліктілік деңгейі көрсетілген қажетті кадрлар, еңбекақы көлемі туралы және басқа да талап етілетін ақпараттарды жолдау ғана қалады. Кәсіпкерлердің талаптарына сай қызметкерлерді таңдау бойынша одан әрі барлық жұмыстарды ХЖҚО өзі толықтай жүзеге асырады.

Кадрларды кәсіби негізде таңдауда жұмыс берушілердің мүдделерін сақтау үшін, Астана, Алматы және Павлодар қалаларының жұмыспен қамту орталықтары ықтимал үміткерлермен сұхбаттасуды ұйымдастыруға өз алаңын ұсынуға әзір.

Бүгіннің өзінде компаниялар және жұмыспен қамту бойынша жеке агенттіктерге электрондық еңбек биржасына (enbek.kz) өзінің жеке кабинетін тіркеуге және өз бос жұмыс орындарын орналастыруға болады. Тіркелу кезінде бар талап етілетіні — портал қызметін толыққанды пайдалану үшін электрондық мекен-жайды, орналастыратын мәліметтердің дұрыстылығын бекіту және растау үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны көрсету керек.


Еліміздегі басқа қалалар мен елдімекендердегі кәсіпкерлер мен жұмыс іздейтін тұлғаларға Қазақстан бойынша қызметкерлер таңдау және жұмыс іздеуде қажетті тегін сайтты қолдануға болады.

Қазақстан бойынша жаңа сипаттағы жұмысты толықтай іске қосу, барлық жұмыспен қамту орталықтары жұмыс берушілер үшін озық қызметтерді ұсына алу көзделген, 2018 жылдың қаңтар айына жоспарланған.