Жарияланды: 550

Қазақстанда электронды үкіметтің мүмкіндіктерін мейлінше кеңінен пайдалану қажет - Назарбаев

Астана. 6 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда электронды үкіметтің мүмкіндіктерін мейлінше кеңінен пайдалану қажет. Бұл туралы бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумның отырысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Электронды үкіметтің мүмкіндіктерін және жалпы заманауи технологияларды басқаруда мейлінше кеңінен пайдалану қажет. Бұл жұмыстардың қарқыны көңіл көншітпейді. Нақты істен гөрі бұл жерде үйлесімсіздік пен қайшылықтар көп. Электронды үкіметтің басты міндеті - мемлекеттік қызметті көрсетуде азаматтардың шенеуніктермен бетпе-бет кездесуіне мейлінше мүмкіндік бермеу. Әр адам электронды тәсілмен қызмет туралы толық әрі ақиқат ақпаратты толыққанды алуға және қызметтің өзін сапалы әрі уақытылы алуға құқылы. Сонымен бірге, өңірлерде "бір терезе" принципімен жұмыс істейтін, құрылыс пен жер телімдеріне рұқсат құжаттарын беретін, халық пен бизнеске басқа да қызмет түрлерін көрсететін "электронды әкімдіктерді" енгізуді жеделдету қажет. Үкімет бұл жұмысты тездетуі, ал "Нұр Отан" партиясы оны айрықша бақылауға алуы қажет ", -деді Н. Назарбаев. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін