Кеңесті құру Қазақстанның бағалы қағаздар рыногын дамыту және жетілдіруге ықпалын тигізеді деп күтілуде.
Бұл мекеменің іс-қызметі бірінші кезекте акционерлік қоғамдарды корпоративті басқаруды жетілдіруге бағытталады. Мәселен, акционерлік қоғам бойынша ақпараттарды ашу стандарттары жетілдіруді талап етеді.
Сонымен бірге эмитенттер үшін инвестициялық жобалар жасау және оны жүзеге асыруға қаржы тартуға қолайлы жағдайлар жасау шараларын дәйектеуге баса назар аударылмақ.
Кеңес сонымен бірге акционерлік қоғамдарға бағалы қағаздарды орналастыру және оларды айналдыру , басқа да проблемаларды шешуге ақыл-кеңес берумен шұғылданбақшы.
Эмитенттер кеңесінің алғашқы мәжілісі осы айда өткізіледі деп межеленген.