Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақты - kaz.caravan.kz
  • $ 533.61
  • 621.07
+32 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақты

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақты

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақты, деп Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

  • 3 Маусым 2011
  • 452
Фото - Caravan.kz

«Биылғы жылы республикада тұрғындардың тырысқақ, паратиф, оба, туляремия, сібір жарасы, дифтерия, сіреспе, полиомиелит, кене энцефалиті, сүзеу аурулары тіркелмеді», — делінген министрліктің бүгінгі хабарламасында.

2010 жылыдң сәкес мерзімімен салыстырғанда сальмонеллез, жедел вирустық гепатит, педикулез, вирустық инфекция, бруцеллез, тыныс жолдарының туберкулезі, жедел ішек инфекциясы, ботулизм аурулары азайғаны байқалады.
«Жүргізілген профилактикалық шаралар нәтижесінде республиканың эндемиялық аймақтарында биыл қырым-қанды безгегін жұқтыру оқиғалары сиреді», — дейді баспасөз қызметі.
Бүгінгі таңда Қазақстанда қырым-қанды безгегінің үш жағдайы тіркелді. Былтыр мұндай жағдайдың 11-і тіркелген.