Жарияланды: 340

Қазақстанда эпилепсияға шалдыққан 120 мың адамның дерті әлі анықталмаған

S Nеvro қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы

АЛМАТЫ. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне қарағанда, эпилепсиямен ауыратын науқастар саны Қазақстанда қазір 32 мың адамды құрайды. Бұл туралы Алматыда өткен 2 күндік халықаралық конгресте айтылды. «Эпилепсияға шалдыққан жандар саны әлемдік орташа статистика бойынша жалпы халықтың 1,5 пайызын құрайды. Олардың үлесі Қазақстанда шамамен 160-180 мың, яғни 120 мың адамның науқасы әлі анықталмаған. Өйткені көптеген пациенттер өзінің сырқатынан хабарсыз», - дейді SV Сергей Савинов. Оның айтуынша, дер кезінде тексерілмесе, бұл адамдардың сырқаты кейін асқынып, емделуге кеш болуы мүмкін. Жалпы бұл науқастардың 65-70 пайызы балалар арасында кездеседі. Оларды анықтап, емдеу ең алдымен пациенттерге және дәрігерлерге байланысты. Өкінішке орай, ауруды анықтайтын әлемдегі ең озық жаңа диагностикалық жабдықтар мемлекеттік мекемелерде әлі жоқ. Мәселен магниттік эндифлюрография қазір Қарағандыдағы жеке медициналық мекемеде ғана бар. Алайда ол әлі іске қосылған жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін