Қазақстанда Эрмитаж күндері өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда Эрмитаж күндері өтеді

Қазақстанда Эрмитаж күндері өтеді

Қазақстанда Эрмитаж күндері өтеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ғалым Ахмедьяров мәлім етті.

  • 14 Қазан 2015
  • 406
Фото - Caravan.kz

 «Мемлекеттік Эрмитаж және ҚР Ұлттық музейі арасындағы ынтымақтастық туралы бірлескен келісім аясында біздің елімізде алғаш рет «Эрмитаж күндері» өтеді. Бұл оқиға Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне арналып отыр», — деді ол.

Эрмитаж күндері бағдарламасында дәрістер, шеберлік-сыныптары, музей саласында ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қою секілді шаралар қамтылып отыр.

Министрдің орынбасарының айтуынша, сонымен қатар ресейлік танымал ғалым, Мемлекеттік Эрмитаждың бас директоры Михаил Пиотровский елімізге келмек.