Қазақстанда екі миллиард ағаш отырғызылмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда екі миллиард ағаш отырғызылмақ

Қазақстанда екі миллиард ағаш отырғызылмақ

Мемлекет басшысының бастамасымен екі миллиард ағаш отырғызылады.

  • 14 Маусым 2021
  • 37
Фото - Caravan.kz

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев халық алдында есеп беру кездесуінде осылай деді, деп хабарлайды    Caravan.kz медиа порталы "Адырна" ұлттық порталына сілтеме жасап. 

Осы мақсатта барлық аймақтарға және министрліктің ведомстволық бағынышты мекемелерінде кешенді жоспарлар бекітілді. Жоспарларда республикалық бюджеттен де, жергілікті бюджеттен де шығындар қарастырылған. Орман және табиғатты қорғау мекемелерінің іс-әрекеттерін үйлестіретін штаб құрылды. Көгалдандыру жұмыстары басталып кетті. Қазірдің өзінде 26,1 мың гектар алқапқа 80,5 миллион ағаш отырғызылды. Бұл шаралар елдің орман алқабын 2030 жылға қарай 5% -ға жеткізуге мүмкіндік береді.

"Арал теңізінің құрғаған түбіне сексеуіл отырғызу жеке мәселе болып табылады. 1990 жылдан 2021 жылға дейін 195 мың гектар алқапқа сексеуіл отырғызылды (9%). Бірнеше апта бұрын өңірге экспедиция жөнелтілген болатын. Қолданыстағы екпелерді қайта қарау жүргізілді. Табиғи шығуын ескере отырып, ауданы 337 мың га құрады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз сексеуіл отырғызудың кешенді бағдарламасын жасап жатырмыз. 2021-2030 жылдары 1,1 миллион гектар жерге сексеуіл отырғызу жоспарланып отыр", деді министр.


Зиянды өтеу мөлшері Қызыл кітапқа енгізілген заңсыз кесілген әр ағаш үшін 6-дан 1000 АЕК-ке дейін ұлғайтылды. Сонымен қатар, әкімшілік және қылмыстық кодекстерге орман қорында және қалалар мен елді мекендер аумағында ағаштар мен бұталарды заңсыз кескені, жойғаны және бүлдіргені үшін айыппұлдарды көбейту және бұзушыларға санкцияны күшейту туралы түзетулер енгізілді. Сондай-ақ, өсімдіктер дүниесін қорғаудың, өсімін молайтудың және пайдаланудың барлық мәселелерін заңнамалық тұрғыдан оңтайландыру мақсатында Мәжілісте қаралып жатқан «Өсімдіктер дүниесі туралы» заң жобасы әзірленді.