Қазақстанда ең қолжетімді көліктер қандай - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда ең қолжетімді көліктер қандай

Қазақстанда ең қолжетімді көліктер қандай

Биылғы 8 айда Қазақстан азаматтары  304,6 млрд теңгеге 36 191 жаңа жеңіл көлік сатып алды.

  • 21 Қыркүйек 2018
  • 58
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «ҚазАвтоӨнеркәсіп» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жеңіл көліктің орташа құны 8 429 926 теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 7 пайызға өсті. Қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша сатып алушылардың үштен бірінен астамы (37,1%) 5 млн теңгеден қымбат емес автомобильдерді таңдады. Оның ішінде 19,7 пайызы немесе 7 146-сы 3,5-5 млн теңге аралығындағы көліктер», — делінген хабарламада.

Ел халқы арасында 3,5 млн теңгеге дейін сомадағы автомобильдер де сұранысқа ие, яғни 8 айдың ішінде 6 294-і  (17,4%) өткізілген. Жалпы, 5-7 млн теңгені құрайтын 7 700 техника (21,3%) сатылды.

«Көлік сатып алғандардың 14,8 пайызы 7-10 млн теңге аралығындағы автомашиналарға таңдау жасады. Сонымен қатар, бизнес (10-15 млн теңге) әрі премиум санаттағы (15 млн теңгеден жоғары) сегменттер жаңа көліктер нарығында сәйкесінше 16,1 пайызды (5 822 көлік) және 10,7 пайызды (3 881 көлік) қамтыды», — делінген «ҚазАвтоӨнеркәсіп» мәліметінде.

Ең қолжетімді жеңіл модельдер рейтингінде ұсыныстардың көбісі Қазақстандағы автоөндірушілерге тиесілі.


Мәселен, бағасы төмен көліктер арасында 2,8 млн теңгеден басталатын Lada Granta көш бастап тұр. Мұнымен қоса, қолжетімді ТОР-10 құрамына Lada Kalina (2,94 млн теңге), Ravon Nexia (2,95 млн), Ravon R2 (2,98 млн), Lada 4×4 (3,32 млн ), Ravon R4 (3,5 млн), Lada 4×4 Pickup (3,65 млн), Ravon Gentra (3,73 млн), Renault Logan (3,78) және  Chevrolet Niva (3,99 млн теңге) көліктері енді.

Ал ең қымбат модельдер рейтингінде Rolls-Royce Ghost (178,1 млн теңге), Porsche 911 Turbo (66,9 млн) және Porsche Panamera (53,4 млн) алдыңғы қатардан көрінде.  

 

Соңғы жаңалықтар