Жарияланды: 580

Қазақстанда ең үздік отбасыларды мадақтауға арналған «Мерейлі отбасы» атты бағдарлама жасалады

Қазақстанда ең үздік отбасыларды мадақтауға арналған «Мерейлі отбасы» атты бағдарлама ұйымдастырылады.

Бұл туралы бүгін Астанада «Мақтаным, тірегім - отбасым» атты өнегелі отбасы өкілдерімен кездесу шарасында Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова мәлім етті. Төрайымның айтуынша, аталмыш бағдарлама Елбасы Н.Назарбаевтың жеке тапсырмасымен қолға алынбақ. «Президенттің тапсырмасы бар. Ол бойынша «Мерейлі отбасы» деген үлкен бағдарлама болады. Жер-жердегі үлгілі отбасылардың насихатталуы жүргізіледі, оның ішінде әр облыста «Отбасы» фестивалі өткізіледі. Кейін жинақталып, республикалық деңгейде ұйымдастырылады. «Мерейлі отбасыны» анықтау үшін арнайы телебағдарлама болады», - деп атап өтті ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін