Қазақстанда есірткі қылмысы бойынша қылмыстық істер саны артқан - Бас прокуратура - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда есірткі қылмысы бойынша қылмыстық істер саны артқан - Бас прокуратура

Қазақстанда есірткі қылмысы бойынша қылмыстық істер саны артқан - Бас прокуратура

Қазақстанда есірткі қылмысы бойынша қаралып жатқан қылмыстық істер саны артып отыр, деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

  • 12 Тамыз 2015
  • 512
Фото - Caravan.kz

2015 жылғы 1 қаңтарға дейін өткізу мақсатынсыз есірткі тұтынғандар үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.  ӘҚтК-ден есірткі заттарының заңсыз айналымы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды қылмыстық әрекет санатына жатқызу  бұл санаттағы қаралып жатқан істердің санының артуына алып келді.

2015 жылғы 6 айда республика соттары есірткі қылмысы бойынша 2014 жылғы 6 айдағы 1008 адамға қатысты 887 істің орнына 2650 адамға қатысты 2561 қылмыстық іс қарады.

2465 адамға 2378 іс бойынша айыптау үкімі шықты. Қылмыстық жаза шараларын тағайындау практикасында айыппұлдар салу мен қоғамдық жұмыстар тағайындау артып отырғандығын көрсетеді.  Сонымен, 2015 жылғы 1 жартыжылдықта 770 адамға айыппұл салынып, 654 адам қоғамдық жұмысқа тартылды, 2014 жылы бұл жазалау шарасы қолданылмаған.

Ағымдағы жылы бас бостандығынан  айыру жазасы 510-ға дейін (өткен жылы 650 болған), яғни 21,5 пайызға азайды. Сондай-ақ шартты түрде жаза тағайындау 106-дан 69-ға түсіп, 34,9 пайызға азайған.


Еске салсақ, 2015 жылы қолданысқа енгізілген Қылмыстық кодексте есірткі заттарының заңсыз  айналымына қылмыстық жауаптылық екі  — 296 және 297-баптарда көзделген. Айыптылардың әрекеттері есірткіні өткізу мақсатының болуы не болмауына байланысты  жіктелген.

Бұдан басқа есірткі айналымы саласындағы құқық бұзушылықта қылмыстық әрекет —  ҚР ҚК 296-бабы 1,2,3-бөліктерінде, қылмыс — ҚК 396-бабы 4-бөлігі, барлық 297-бабында көзделген.

Соңғы жаңалықтар