Қазақстанда «Еуропа-Азия» автошеруі басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда «Еуропа-Азия» автошеруі басталды

Қазақстанда «Еуропа-Азия» автошеруі басталды

Қазақстанда 10 шілде күні Қостанай, Көкшетау және Степногор қалаларында «Еуропа-Азия» автошеруі басталды, деп хабарлайды дүйсенбі күні ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

  • 11 Шiлде 2011
  • 404
Фото - Caravan.kz

«11 шілдеде сағат 16-да шеруге қатысушылар Астанадағы «Отан қорғаушылары» монументіне жетіп, 12 шілдеде Екібастұзда болады. 15 шілде жұма күні керуен Қарағанды мен Балқашқа жетеді. Осыдан кейін аэроұтқыр әскерлердің бөлімшелері орналасқан Қапшағай мен Талдықорғанға аттанады», — делінген ақпаратта.

Акция 20 шілдеде Алматыда 28 панфиловшы-жауынгерлердің бағында аяқталады.

Ақпаратта атап көрсетілгендей, автошеруді «Нұр Отан» партиясы, әуе-десант әскерлері ардагерлерінің «Десантное братство» одағы, Ауғанстан және локальды соғыстар ардагерлерінің одағы ҚР ҚК құрлықтағы әскерлері командованиесінің қолдауымен ұйымдастырды.

Акция Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына, ҚР ҚК аэроұтқыр әскерлерінің 11 жылдығына және әуе-десант әскерлерінің 81 жылдығына арналды.

Шараға партия басшылығы, қорғаныс министрлігінің қкілдері, ҰОС ардагерлері, Ауғанстандағы және басқа да локальды қақтығыстарға қатысушылар қатысады.

«Мұндай шаралар арқылы бауырластық достығы, ұлтаралық келісім, өскелең ұрпақты Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдық руһында тәрбиелеу, қазақстандық әскер мен әскери қызметтің беделін арттыру идеялары насихатталады», — делінген ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар