Қазақстанда гендерлік саясат қалай жүзеге асуда - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда гендерлік саясат қалай жүзеге асуда

Қазақстанда гендерлік саясат қалай жүзеге асуда

Қазақ халқы бұрыннан отбасын өте қатты құрметтеген. Сондықтан да отбасылық проблемаларды ушықтырмай, әділетті түрде шеше білген.

  • 7 Қараша 2017
  • 11615
Фото - Caravan.kz

Caravan.kz медиа-порталының бұл материалы елімізде гендерлік саясаттың қалай жүзеге асырылып жатқаны жайында болмақ.

Қазақ халқы отбасыға өте қатты мән берген. Қызды тұрмысқа берерде, баласын үйлендірерде текті отбасыларға, тәрбиелі отбасыларға беруге талпынған. Бұл деген сөз, өзінің ғана ұрпағын емес, бүкіл қазақ халқының тектілігі жоймау мақсатындағы әрекет болып табылады.

Осындай әдет-ғұрып, салт-дәстүр қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына үлкен рөл атқарған. «Отан- отбасынан басталады» деген қанатты сөзді ұстанған біздің ұлы халқымыз отбасының қоғамдағы рөлін түсінген. Сондықтан да, отбасыны өте қатты құрметтеп, сақтаған. Бірақ қазіргі жаһандану үрдісінің кесірінен қазақ отбасының шаңырағы шайқалып жүр. Сайып келгенде, қазақстандағы отбасымен әлеуметтік жұмыстың өзіндік ерекшеліктері ұлттық құндылықтарымызға, ұлттық ерекшеліктерімізге байланысты. Негізінен отбасымен әлеуметтік жұмыстың көрсетілуі барлық елдерде бірдей болып келеді. Мемлекеттің отбасы саясатын жүргізуіне, мемлекеттің қаржылық жағдайына байланысты болады. Қазақ халқы отбасылық проблемаларды туысқандық негізде бірлесе отырып шешкен.

Қазіргі кезде жаһандану үдерісінен пайда болған отбасылық проблемаларды шешу Қазақстан Үкіметінің және әлеуметтік жұмыскерлердің алдындағы келелі мақсаттардың бірі.

Отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізу өте маңызды әрі өте қиыншылығы мол жұмыс.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиясына (бұдан әрі – Стратегия-2050) сәйкес еліміз Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамада көрініс тапқан жеделдетіп жаңғырту мен индустрияландыруға бағыт алды. Қазақстан бес стратегиялық бағытты іске асыру үшін 15-50 жылдық «мүмкіндіктер терезесін» пайдалануға ниетті, олар: адами капиталды дамыту, институционалдық ортаны жетілдіру, ғылымды қажет ететін экономиканы құру, заманауи инфрақұрылымдарды қалыптастыру және халықаралық интеграцияны тереңдету.

Адами капиталды әлеуметтік жаңғыртудың объективті аса маңызды жағдайларының қатарына жатқызу күн тәртібінде экономикалық, әлеуметтік және қоғамдық-саяси институттарды қайта құру қажеттігін туғызды. Осы мақсатта 2014 жылы Үкімет адами капиталдың сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ барлық қазақстандықтар үшін өмір сүру сапасының жоғары стандарттарына қол жеткізуіне бағытталған Қазақстан Республикасын әлеуметтік дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекітті, онда әлеуметтік-еңбек қатынастарын, денсаулық сақтау жүйесін, білім беруді және ана мен баланы, отбасылардың осал топтарына жеке назар аудара отырып, әлеуметтік қорғауды реформалау бойынша стратегиялық міндеттер айқындалған. Қазақстанда демократиялық мемлекет ретінде қалыптасу кезеңінде әйелдер, ана мен бала мәселелері бойынша алғашқы қоғамдық мәні бар құрылымдар қалыптасты.
Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының (бұдан әрі – БҰҰ) әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту және қорғау саласындағы негіз қалаушы құжаттарына қосылды. Сонымен қатар, Қазақстан 2015 жылғы қыркүйекте БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарына (бұдан әрі – ТДМ) қосылды, ондағы 17 мақсаттың 12-сі гендерлік-сезімтал болып табылады. Бұл мақсаттар мемлекеттің барлық стратегиялық бағыттары мен міндеттері аясында ұлттық бейімдеуді және есепке алуды талап етеді.
2006 – 2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын (бұдан әрі – Гендерлік стратегия) қабылдау және іске асыру тек әйелдердің ғана емес, сонымен қатар ерлердің де құқықтары мен мүмкіндіктеріне неғұрлым тең қарауға мүмкіндік берді.
Әйелдерді кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның ережелерін орындау барысы туралы үшінші және төртінші мерзімді баяндамалардың қорытындылары бойынша БҰҰ Комитеті әйелдер мен ерлер үшін құқықтар мен мүмкіндіктер теңдігі мәселелері бойынша заңнамалық базаның құрылуына оң баға берді.


Гендерлік стратегияны іске асырудың аяқталуына байланысты мемлекеттік гендерлік саясаттың жаңа кезеңін орнықты дамудың халықаралық трендтерімен, ұлттық стратегиялық басымдықтармен және әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттарымен байланыстырудың қолайлы мүмкіндіктері туып отыр.
Сонымен бірге, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің қолданыстағы құжаттарында отбасы институты әлеуметтік қорғаудың айрықша объектісі ретінде қаралады. Дамудың жаңа кезеңінде адами капиталдың сапасына әсер ететін барлық әлеуметтік институттардың арасында отбасының рөлі маңызды болғандықтан, Қазақстанға отбасы саясатын қалыптастыруда өзінің тәсілдерін жасаған маңызды.
Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, отбасының функционалдық беріктігі деңгейіне гендерлік қатынастар моделі елеулі әсер етеді. Гендерлік теңдік деңгейі жоғары болған сайын, отбасы мүшелерінің өздерінің тұрмыстық, экономикалық, адамгершілік-тәрбиелік, қорғаушылық және басқа да маңызды функцияларын орындауда жауапкершілігі, тепе-теңдігі мен нәтижелігі жоғары болады.
Осылайша, заманауи берік отбасының қалыптасуына жағдай жасау және гендерлік теңдікке қол жеткізу қоғамды әлеуметтік жаңғыртудың ажырамас процесі болып табылатыны айқын.

Мемлекеттік отбасылық саясат Қазақстанның әлеуметтік саясатының құрамдас бөлігі болып табылады және отбасылардың өмір сүру жағдайы мен сапасын жақсартуға бағытталған ұйымдастырушылық, экономикалық, құқықтық, ғылыми, ақпараттық және кадрлық қамтамасыз ету қағидаттары, бағалаулары және шаралары жүйесін білдіреді.
Гендерлік стратегияны іске асыру жылдары отбасылық-неке қатынастарында тұрған ерлер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің кеңеюінде оң динамикаға қол жеткізілді.
Отбасы міндеттерін еңбек қызметімен ұштастыру мүмкіндіктерін жасау мақсатында еңбек заңнамасында ата-аналардың икемді жұмыс түрлері мен бала күтімі бойынша демалыс алуға құқықтары туралы нормалар бекітілген. Сонымен қатар, әйелдердің, жүкті әйелдердің және баласы (балалары) бар әйелдердің еңбегін реттеу ерекшеліктерін бекітетін нормалар да бар.
Осыған орай, балалы отбасыларды қолдау бойынша шаралар кешенінде мемлекет әлеуметтік жәрдемақылар мен көрсетілетін қызметтер арқылы қолдау көрсетеді. Әлеуметтік төлемдер ұсыну жүйесінде бала тууына және бір жасқа толғанға дейін бала күтіміне, мүгедек баланы тәрбиелеушілерге жәрдемақылар, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы, көпбалалы аналар мен отбасылар үшін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы қамтылған.


2008 жылы жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы асырап алуына байланысты табысынан айырылған жағдайға, сондай-ақ бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінен әлеуметтік төлемдер төлеу енгізілген.
2014 жылдан бастап жұмыс істейтін әйелдердің зейнетақы жинақтарының барабар мөлшерін қамтамасыз ету мақсатында бала күтімі жөніндегі әлеуметтік төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау көзделген.
Балалардың отбасында тәрбиеленуіне жәрдем көрсету, бала асырап алушылар мен тәрбиелеушілерді материалдық ынталандыру мақсатында жетім балаларды асырап алушы азаматтарға біржолғы төлемдер, жетім баланы немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырау үшін қорғаншыларға немесе қамқоршыларға арналған жәрдемақы, патронаттық тәрбиелеушілерге төлемдер беріледі.

Мемлекет қабылдап жатқан ана мен баланы қолдау шараларының тиімділігін оң статистика растайды. Мәселен, 2010 жылмен салыстырғанда бала туу 8,8 %-ға өсті, егер 2010 жылы 366,2 мың бала туса, 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 398,6 мың бала туған.
2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 17,670 млн. адамды құрады, оның ішінде әйелдер – 9,128 млн. (52 %), ерлер – 8,542 млн. (48%). Халық санының өсімі 2015 жылы 266,4 мың адамды құрады, өсу қарқыны жылына – шамамен 1,5 %.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылған жылдары репродуктивтік денсаулық жағдайын жақсарту айтарлықтай алға ілгеріледі.
Қазақстан БҰҰ-ның мыңжылдықтың даму мақсаттарына мерзімінен бұрын қол жеткізді: елде аналардың өлім-жітім көрсеткіші 3,7 есеге (100 000 тірі туғандарға шаққанда 2006 жылы 45,6 болса, ал 2015 жылы 12,3 болды), балалар өлім-жітімі – 1,5 есеге (1000 туғандарға шаққанда 2006 жылы 13,9 болса, ал 2015 жылы 9,4 болды) азайды. Тегін медициналық қызметтің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне сүт безінің қатерлі ісігін ерте анықтау скринингі қызметі қосылды.

2009 жылы қабылданған «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы өмірлік қиын жағдайларға ұшыраған адамдар мен отбасыларға көрсетілетін қызметтер спектрін айтарлықтай кеңейтті.
Тегін медициналық-әлеуметтік, құқықтық және әлеуметтік-психологиялық қызметтер мүгедектері бар отбасы мүшелеріне, әлеуметтік мәні бар ауруға ұшырағандарға, бас бостандығын айыру орындарынан босап шыққан адамдарға, зорлық-зомбылық құрбандарына, жалғызбасты қарт адамдарға көрсетіледі.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасында белгілі бір прогреске қол жеткізілді. «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.
Елде әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі арнайы бөлімшелер құрылды (247 аудандық ішкі істер бөлімінің ішінен 133-де әйелдер мен балалар істері жөніндегі инспектор лауазымы штатқа енгізілді). Үйдегі зорлық-зомбылық құрбандары пайдаланған қорғау ұйғарымдарының саны жылдан жылға өсуде.
Қазақстанның барлық өңірінде зорлық-зомбылық құрбандарына тегін медициналық-әлеуметтік, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-психологиялық қызметтер, сондай-ақ уақытша баспана беру қызметтері көрсетілетін 28 дағдарыс орталығы жұмыс істеуде (17-сінде баспаналар бар), ал 2006 жылы 10 өңірде ғана 24 орталық жұмыс істеген болатын. Жыл сайын барлық өңірде «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» атты ақпараттық-сауаттандыру акциясы жүргізіледі.
Отбасыларды қолдаудың ресурсты орталықтарының қызметі ұйымдастырылды. Формальды білім беру жүйесінде оқушыларды адамгершілік және патриоттық сезімге тәрбиелеуге қатысатын әкелердің қоғамдық бірлестіктері дами бастады.
Отбасы күні белгіленіп, жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық сайысы өткізіледі, Отбасылық қарым-қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту жөніндегі 2015 – 2020 жылдарға арналған жалпыұлттық жоспар бекітілді, ол отбасылық құндылықтарды нығайту, саламатты өмір салтын қалыптастыру, Жалпыға бірдей еңбек қоғамын құру сияқты үш бағыт бойынша іске асырылады, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институты құрылды.

Өзекті мәселелер
Мемлекеттің отбасын кешенді қолдау бойынша шаралар қабылдауына қарамастан, шұғыл шешім қабылдауды талап ететін мынадай үрдістер орын алуда.
Ажырасу және некесіз бала туу үрдісінің өскені байқалады. Шамамен әрбір үшінші неке ажырасуда. Кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар ерлі-зайыптылардың ажырасу үлесі көбейді. 2011 жылы 160,5 мың некенің 44,9 мыңы ажырасса (28 %), 2015 жылы 148,7 мың некенің 53,3 мыңы ажырасқан (35 %).
Толық емес отбасылар саны артуда. 2009 жылы 1999 жылмен салыстырғанда толық емес отбасылар үлесі 6,8 %-ға артқан. Олардың ішінде 400 мыңнан астам әйел 700 мыңнан астам баланы, ал 60 мыңнан астам ер адам 300 мыңнан астам баланы тәрбиелеп отыр (15,1 % бала анасымен ғана, 6,4 % бала әкесімен ғана тұрып жатыр). Демек әрбір 5-ші бала толық емес отбасында өмір сүруде.
Гендерлік шарттармен ер адамдарға берілген еркіндік әкелердің бала тәрбиесіне аз қатысуына және баланы асырауға алимент төлеудегі проблемаға әкеп соқтырады. 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 279 мың іс қарауда болса, оның ішінде әйелдерден алынатын алимент үлесі 0,8 % құрайды.
Мульти-индикаторлық кластерлік зерттеу (бұдан әрі – МИКЗ) нәтижелері бойынша 2015 жылы Қазақстан Республикасында 5 жасқа дейінгі балалардың 6,6 %-ы ғана өзінің ерте білім алу процесінде әкелері тарапынан көмек алады, ал аналар тарапынан осындай қолдауды балалардың 50,7 %-ы алады.
Баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырған ерлердің осы уақытқа дейін осындай жағдайға тап болған әйелдер иеленетін құқықтары жоқ. Әйелдер мен ерлердің тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету процесінде ерлер мен әйелдердің әлеуметтік рөлдеріне қатысты қоғамдағы қатып қалған стереотиптердің болуы әсер етеді.


«Азаматтық» және кейбір этникалық топтар өкілдері арасында туысқандық некелер белгілі бір деңгейде орын алуда. Ерлер мен әйелдердің азаматтық хал жағдайы актілері органдарында тіркелмей діни мекемелер арқылы неке қию жағдайлары жиіледі. Бұл ретте, отбасының қолайсыз құндылықтары, оның ішінде әйелдің отбасындағы рөлі, оның әлеуметтік белсенділігі мен жұмысбастылығы дәріптелуде. Кейіннен осындай отбасыларда ажырасуға әкеп соқтыратын жанжалдар болып жатады.
Қыз алып қашу және қыздарды күштеп тұрмысқа беру оқиғалары орын алуда, бұл өз кезегінде, ұлттық салт-дәстүрді қайта жаңғырту емес құқықтық зайырлы мемлекетте қылмыс болып табылады.
Профилактикалық шаралар жеткілікті жетілмеген, осыған орай отбасымен жұмыстар, негізінен, өмірлік қиын жағдайға тап болу фактісі орын алғаннан кейін жүргізіледі. Бұл ретте, көмек алу үшін түрлі инстанцияларға жүгіну қажет, әлеуметтік көмекті түрлі ведомстволар ұсынады, олар әдетте, отбасы мүшесіне оны отбасынан алшақтату арқылы көрсетіледі. Бұл отбасылық байланысты жоғалтуға, отбасы мүшесін әлеуметтендіру деңгейін төмендетуге әкеп соқтырады, ал көрсетілген көмек отбасын сақтауға және нығайтуға бағытталған болуға тиіс.
Ерлер мен әйелдердің репродуктивті денсаулығы мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. Некеге тұрғандардың 16 %-ға жуығы ұрпақ сүйе алмайды, бұған ерлер де, әйелдер де тең жауапты. Ерлердің өз денсаулығына немқұрайлы қарауы, зиянды әдеттерге үйір болуы, өндірісте тәуекелшіл мінез-құлыққа бейімдігі экономикалық белсенді жаста созылмалы ауруларға шалдығуға және өлімге әкеледі. Бұдан басқа, Қазақстан әйелдер популяциясында обырдың таралуы бойынша бірінші орын алады.

Барлық елдердің отбасылық проблемалары ұқсас болғанымен, кейбір ұлттық ерекшеліктерге байланысты өзгеруі мүмкін. Отбасының проблемаларына не жатады?


Оған:

— Ажырасу, жұбайлардың келіспеушілігі

— Неке санының азаюы.

— Бала туудың төмендеуі.

— Әйелдердің күйеу тарапынан зардап шегуі, яғни, отбасындағы зорлық.

— Материалдық жетіспеушілік.

— Отбасындағы жұбайлардың түсініспеушілігі.

Бұл проблемаларға Қазақстан да душар болып отыр. Яғни, қоғам болған соң проблема болғаны бұл заңдылық. Бірақ, шектен шығармай реттеп отыру қажет. Сол мақсатта Қазақстан Республикас Үкіметі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және басқа да қоғамдық ұйымдар көптеген жұмыстар атқаруда.

Қазіргі заманның отбасы, оның ерекшеліктері тұтасымен қазіргі кезеңнің ерекшеліктерімен алдын ала келісілген, ол неғұрлым жаңа мәселелермен кездесті, адамның өміріне қажетті көптеген қызметтерді орындау мүмкіндігінің біраз дәрежесінен айрылды, көптеген жағдайда басқа әлеуметтік институттармен ұзаққа созылған ала ауыздық күйіне енді және жаңа дағдарыс табалдырығын аттады.

Отбасы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге бейімделіпғ маңызды өзгерістерге төтеп береді. Олардың дәйексіздігі, сонымен қатар, Қазақстан халқының ауқымды мәдени әртүрлілігі өмір сүріп отырған отбасы моделінің әр алуандығын алдын-ала анықтайды және олардың көпшілігінің ауыспалы сипаты бар.

Осының бәрі отбасы саясаты жүйесіндегі отбасы қызметінің барлық бағыттарында отбасы мен қоғамның өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ететін әлеуметтік институт қызметін ұйымдастыру және үйлестіру тәсілі ретінде отбасы саясатын реформалаудың қажеттігін туғызады.

Отбасы саясаты – ол өзара қарым-қатынастағы көптеген институттардың бірі ретінде отбасының арнайы мүддесін және отбасы рөлін басқа да әлеуметтік рөлдермен қатар орындайтын алып жүруші ретінде адамның арнайы мүддесін қорғайтын бүкіл әлеуметтік саясаттың бір бөлігі ғана.

Отбасының көптеген мәселелері отбасының құрлымдық өзгерістерімен, өзара ішкі қарым-қатынасы сипатымен және т.б. қатысты өткерген ішкі өзгерістермен байланысты. Отбасы саясатының мәні отбасының тереңдетіп қаралған мүддесін қоғамның түсінуіне және қолдауына, жеке тұлға, отбасы және жалпы қоғам арасындағы жаңа тепе-теңдікті іздестіруге ықпал етумен түсіндіріледі.

Қазіргі отбасы өрістеудің күрделі кезеңін – дәстүрлі үлгіден жаңаға ауысу үдерісін бастан кешіріп отыр. Отбасы құрылымы, отбасы қызметі, билікжүйесі, отбасылық роль, жұбайлардың функциолнальды тәуелділігі, отбасындағы бала жағдайы өзгереді, ал бұл өз кезегінде әлемдегі отбасы түрінің өзгеруіне әкеледі.

Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың субъектісі туралы айта отырып, бір жағдайды есте ұстауымыз қажет. Осындай қызметкерлердің арасында осы жұмысты тек ұйымдастырумен ғана айналысатындар және оларға тікелей көмек көрсететіндер бар. Оларды шартты түрде практиктер немесе практикалық әлеуметтік қызметкерлер деп атайды.

Бүгінгі күндері Қазақстанда ұлттық ақпараттық технологияны және ресурстады құрудың шарттары бар екендігін сенімді түрде айтуға болады және олар тепе-тең және жоғарғы кәсіптік көзқарас кезіндегі қысқа мерзім ішінде құрылуы тиіс.

Мемлекеттің отбасы саясатына қоғамның мүддесінде отбасының қызметін қамтамасыз ету мақсатында балалы отбасына белгілі әлеуметтік кепілдік беретін тәжіриби шаралар жиынтығы кіреді. Олар экономикалық және әлеуметтік көмектің түрлерін өзіне қосады. Бұл көмек әр елде әртүрлі, бірақ барлық жерде бір түрде көрсетеді.

Барлық елдерде отбасы маңызды әлеуметтік институт болып есептеледі, онда жаңа ұрпақ пайда болып, тәрбиеленеді және олар онда әлеуметтендіруден өтеді және әлеуметтік қолдау таба алады.

Дүниежүзілік тәжірибе әлеуметтік қолдау жөнінде бірқатар шараларды:

— отбасына жәрдемақы беру;

— әйелдерге декреттік демалыты төлеу;

— әйелдерге екіқабаттығы мен бала туу кезінде медициналық көмек көрсету;

— нәрестенің және кіші жастағы баланың денсаулығын бақылау;

— ата-анаға демалыс беру;

— жарымжанды отбасына жеңілдік беру;

— салық жеңілдіктері, үй-жай сатып алуға немесе жалға алуға төменгі процентпен несие беру және басқалары кіреді.

Қазақстан мемлекеті негізінен, отбасына көмек көрсетудің ұқсас түрлерін ұсынады, бірақ оның көлемі қазіргі заман жағдайына аз болады.

Көптеген отбасының, соның ішінде жас отбасының өмір сүру дәрежесі мен сапасы төмен. Халықтың қарапайым түрде көбеюі қамтамасыз етілмейді. Адам өлімі, әсіресе, нәрестенің, баланың, ананың өлімдері өте жоғары. Ажырасу саны өсуде. Балалар мен жастардың алғашқы мүмкіндіктері нашарлап келеді.

Отбасы саясаты мен мемлекеттік отбасы саясатын басқару құрылымына тез арада шешілетін қоғамдық сұраныстарға ықпал ету тәртібі тән.

Отбасы саясатындағы стратегия отбасының өз қалауымен үлгілі болуын шамалайды.

Күрделі қаржы бөлуді талап ететін шараға қарсы, отбасы мен балалықты қорғаудың қолданыстағы жүйесін оптимизациялаудың жиынтығы бағдарламасында жинақталған мемлекеттік отбасы саясатының шұғыл мәселелерін шешу қалыптастырылған бағытты дамыту және отбасы мен балаларды әлеуметтік қорғаудың сенімді жүйесін құру үшін экономикалық негізделген көзқарасты таңдауға бағытталған. Яғни, қалада отбасы саясатының субъектісін ұйымдастыру, қолданыстағы әлеуметтік бағдарлама мен әлеуметтік қызметтің тиімділігін түгендеу және тексеру, лауазымды адамдардың атқарушылық тәртібі мен жауапкершілігін жоғарылату, шұғыл мәселелерді шешудің қызметтік тәсілін қолдау қажет.

Қазақстандағы реформалар көптеген теориялық міселелерді шыңдап әзірлеу және жинақтап зерттеу қажеттігі туралы міндет қойды. Демократиялық үдеріс плюрализмнің құрылуы республиканың саяси жүйесіндегі азаматтық белсенділіктің бұрын белгісіз түрін тудырды. Республикадағы реформалық өзгертулер нәтижесінде өкіметтік емес қоғамдық бастама дамиды және күшейеді, әр түрлі мағынадағы және саяси түрдегі түрлі қоғамдық қозғалыстар пайда болады.

Бұдан біраз бұрын мемлекет басшысы ТМД-да ұқсасы жоқ, өкімет мүшесі және министр Айткүл САмақ басшылық ететін Отбасы және әйелдер мәселесі жөнінде ұлттық комиссия құрылды. Комиссия өкілетттілігінің толық күші бар – ол министрлік, ведомствалар, облыс басшыларын тыңдаға құқылы. Үш жыл ішінде комиссия көптеген жұмыс атқарды. Қазақстанда алғаш рет өкімет Әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі ұлттық іс-әрекет жоспарын әзірлеп, қабылдады. «Қазақстан РЕспубликасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарына» «Дамытуға әйелдердің қатысуы» бөлімі енгізілді.

Ұлттық комиссия өкіметтік емес барлық ұйымдамен белсенді түрде бірге жұмыс істейді, Қазақстанда мұндай ұйымдар 150. ӨЕҰ Әйел жағдайын жақсарту жөніндегі ұлттық іс-әркет жоспарын әзірлеуге және БҰҰ-ға Әйелдерге қатысты дискриминациялаудың барлық түрін жою туралы «Келісімді орындау жөніндегі алғашқы есепті дайындауға қатысты. Олар барлық конференцияларға «дөңгелек столға», семинарларға және ұлттық комиссия өткізетін басқа да іс-шаралар қатысады.

Парламентте отбасының, әйел мен баланың мүддесін қорғау үшін «Отбасы» депутаттық топ құрылған.

Қазіргі уақытта отбасы институтын нығайту, отбасына, әсіресе жастар мен көп балалы отбасына әлеуметтік қолдау жасау мәселесі неғұрлым қатаң қойылған. Әйелге қатысты зорлықтың етек алуы мен күресу мәселесі де өте маңызды, сондықтан, бүгінгі күндері КОмиссия ІІМ бірлесе отырып, «Тұрмыстық зорлық туралы» заңның жобасын әзірлеуде.

Қазақстанда Қазақстан іскер әйелдерінің Ассоциациясы құрылған, оның базасында үш жыл бұрын Қазақстан әйелдерінің демократиялық партиясы пайда болды. Алматыда басты офисі орналасқан, ал Қазақстанның 20 қаласында филиалдары бар.

Партия жыныстық емес, идеологиялық белгі бойынша құрылған және оның басты міндеті – парламент, Үкімет және заң дәрежесінде әйелдің және оның отбасысының құқығы мен мүдделерін қорғау және лоббирлеу.

Қазақстан іскер әйелдерінің Ассоциациясының «Әйел және кедейлік», «Әйел және жұмыссыздық» сияқты әртүрлі бағдарламалары бар. Осы жылы «Өз ісіңді баста» атты жұмыссыз әйелдерге арналған курстар қайта басталды. «Прагма» американдық бағдарламасымен қоса көптеген семинарлар, жұмыс тапқысы немесе кәсіпкелікпен шұғылданғысы келетін жұмыссыздар үшін сабақтар өткізіліп жатыр.

Қазақстанда халықаралық және өкіметтік емес ұйымдардың қолдауымен әйелдер мен балаларға арналған 14 дағдарыс орталықтары жұмыс істейді. Алматы қаласындағы әйелдер мен отбасы мәселесі жөніндегі ұлттық комиссия «Қамқорлық» дағдарыс орталығын ашты.

Қазақстанда 2001-2005 жылдарға арналған «Ана мен баланың денсаулығын сақтау» бағдарламасы әзірленді, ол әйелдің репродуктивтік денсаулығын және соған қатысты оның тіршілік жағдайын жақсартуға бағытталған.

Әлеуметтік жұмыстың ең маңызды бағыттарының бірі зорлық көрген әйелдерге (отбасындағы және үйден тыс зорлық, жыныстық қатынас ынтықтығы, жыныс индустриясына күшпен жіне алдап тарту, жыныстық пайдалану мақсатында жасырын шақыру) әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету.

Әйелге қатысты зорлық мәселесі қоғамдағы гендерлік дискриминациялаудың нағыз шамдануды тудыратын құбылыс болып есептеледі.

Елдегі зорлық мәселесін шешу үшін шараның негізгі үш тобын қабылдау қажет: ұлттық заңдылықты және оның орындалу механизмін жетілдіру; зорлық құрбанына көмек көрсету және оның ақталуына кепілдік беретін әлеуметтік қызметтің кең тараған жүйесін құру; БАҚ көмегімен білім беру бағдарламасы жіне ағарту жұмыстары арқылы алдын алу шараларын қабылдау.

Төле би ауданы «Ғаламат» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Дана Маманованың айтуынша, әрбір жанұя тәуелсіз еліміздің құрамдас бөлігі. Сондықтан, отбасы мәселелері мемлекетіміздің назарында. Оның айғағы осы жылы Елбасы жариялаған «100 нақты қадам» ұлттық реформасы.

"Ұлт жоспардың Төртінші рефомасы-біртектілік пен бірлік. Бұл ретте Елбасы қазақстандық қоғамның көптүрлілігі-біздің әлсіздігіміз емес, күшіміз екенін жеткізеді. Бұның аясында еліміздегі барлық азаматтар құқықтың бірдей көлемін пайдаланып, жауапкершіліктің бірдей жүгін арқалап және түрлі мүмкіндіктерге бірдей қол жеткізуі тиіс. Осындай бірлік пен берекені қамтамасыз ету арқылы Мәңгілік Ел идеясы толық жүзеге аса түседі. Мұнда, әсіресе өскелең ұрпақты ұлттық құндылықтар мен патриотизмге баулу қағидаттарына ерекше мән берілген.

Бұл бағытта, Үлкен мемлекет-үлкен отбасы» атты жобасын іске қосу арқылы ел тарихы мен ұлттық ұлағаттарды насихаттайтын кинофильмдер мен телебағдарламаларды көптеп жарыққа шығару міндеті тұр. «Мәңгілік ел» идеясы балаларға жастайынан бастап таныстырылуда", — дейді Дана Маманова.

Халықаралық әлеуметтік қызметкерлер бірліестігі әзірлеген әлеуметтік жұмысқа жаңа көзқарас клиенттің әлеуметтік-психолгиялық өкілеттігінің белсенді болуына әлеуметтік жұмысты «жүргізушіні» акцентпен ауыстыруды талап етеді. Осы саладағы елеулі нәтижелерге жету сол әлеуметтік қызметкердің кәсіптік өкілеттігінің өлшемі ретінде қарау керектігі шешілді.Клиенттің өзінің белсенділігі және өкілетті «өзгеріске кім дайын болса, соған көмектеседі» -әлеуметтік жұмыстың маңызды болжамы болып саналады.

Осыған байланысты, әлеуметтік жұмыстың жетістігі клиенттердің өз өмірінің жағымды өзгерістеріне қызығуын жоғарылату тікелей байланысты. Бұл өзіндік сана мен тәуелсіздік дәрежесімен, олардың қиын жағдайы мен міселелерін шешудің әлеуметтік мүмкіндіктерін түсінумен анықталады. Олардың әлеуметтік қызметкерден көмек сұрап, өтініш жасауы соңғысының әлеуметтік қызмет көрсетуінің әртүрлілігі мен сапасына, кәсіптік дайындығына, әлеуметтік сұранымға тез ықпал етуіне, нақты жағдайды шешу кезіндегі қоғам адамгершілігінің кең болашағын көріп, білуіне байланысты.

Отбасы саясатының қажеттілігі отбасы құрылымы мен қызметінің өзгеруінің жағымсыз салдарымен анықталады, ол тарихи дамудың спонтандық жолымен, индустриализациялау үдерісімен, урбанизациялау және ол өзінің жинағында әлеуметтік институт ретінде отбасы дағдарысын сипаттайды.

Соңғы жаңалықтар