Қазақстанда гепатиттің А түрімен ауыру ауқымы артуы ықтимал - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда гепатиттің А түрімен ауыру ауқымы артуы ықтимал

Қазақстанда гепатиттің А түрімен ауыру ауқымы артуы ықтимал

Қазақстан гепатиттің А түрімен ауыру ауқымы кезекті маусымдық арту сатысында тұр.

  • 17 Шiлде 2003
  • 840
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін , 17-шілдеде Алматыда өткен «Вирусты гепатиттің А түрінің оқушылар арасында таралуы. Мектеп қабырғасында аурудың алдын алу

мүмкіндіктері» тақырыбындағы дөңгелек үстелде Республикалық Тазалық-індет станциясының жұқпалы аурулар бөлімнінің меңгерушісі Татьяна Сурдина хабарлады.
Дөңгелек үстелге мектеп директорлары, дәрігерлер мен эпидемиолог мамандар қатысты.
Т.Сурдинанның айтуынша, тұрғындар арасында жаппай профилактикалық шаралардың өткізілмейтіндігінен гепатиттің А түрі бүгінде ырық бермейтін жұқпалы ауруға айналып барады. Эпидемиялық ахуалға жасаған талдауға қарағанда елімізде бұл ауру әрбір 5-7 жылда бір үлкен қарқынмен таралады екен. Соңғы 4 жылда гепатиттің А түрімен ауыру ауқымы азайып отырған. Ал 2002-жылы ауру жұқтырудың ең аз көлемі тіркеліп, әрбір 100 мың тұрғынға шаққанда бұрынғы 400-500 оқиғадан 80-100 оқиғаға дейін төмендеді.
Алайда, жұқпалы аурулармен айналысушы дәрігерлердің айтуынша, ағымға сәйкес гепатиттің А түрімен ауыру ауықымы мектептерде сабақ басталғанда, қыркүйек айында артуы ықтимал.
Республикалық Тазалық-індет станциясының мәліметіне сүйенсек, вирусты гепатиттің А түрімен ауыру 14 жасқа дейінгі балалар арасында жиі кездеседі екен. Айталық, үстіміздегі жылдың алғашқы жартысында жалпы ауырғандар арасында олардың үлес салмағы 60 процентті құраған. Соның ішінде гепатит түрлері арасынан әсіресе А түрі кеңінен таралып 80 процентті құрап отыр. Ал гепатиттің В түрі 17-18 процент, С түрі 1-2 процентті иемденеді. Гепатиттің А түрі 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында тіпті 97 процент көлемінде таралған. Жыл басынан бері гепатиттің А түрімен ауыру ауқымы Қызылорда облысында 10,7 процент, Оңтүстік Қазақстан облысында 22,7 процент, Алматыда 21,3 процентті құраған. Еліміз бойынша гепатиттің А түрін жұқтырған барлық балалардың үштен екі бөлігі осы үш аймақтың үлесіне тиеді.
Сондай-ақ, Республикалық Тазалық-індет станциясының мәліметіне сүйенсек, елімізде гепатиттің С түрінің де ұлғаю ағымы байқалуда. 2003-жылдың алғашқы жартысында вирусты гепатиттің С түрімен ауыру оқиғасы 145 мәрте тіркелді. Бұл өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 31 процентке артық. Ал гепатиттің В түріне қарсы вакцина егу шараларының арқасында керісінше аурудың бұл түрі жалпы деңгейдің 13,5 процентіне дейін азайды. Бірақ 14 жасқа дейінгі балалар арасында ол 15 процентке дейін өскен.

Соңғы жаңалықтар