Қазақстанда ғарыш қызметін дамыту жөніндегі 2005-2007-жылдарға арналған бағдарлама бекітілді - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-10 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда ғарыш қызметін дамыту жөніндегі 2005-2007-жылдарға арналған бағдарлама бекітілді

Қазақстанда ғарыш қызметін дамыту жөніндегі 2005-2007-жылдарға арналған бағдарлама бекітілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстанда ғарыш қызметін дамыту жөніндегі 2005-2007-жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны" бекітті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 28 Қаңтар 2005
  • 423
Фото - Caravan.kz

Елбасының жарлығына сәйкес ҚР үкіметіне бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бір ай мерзімде әзірлеп бекіту тапсырылды.

Сонымен бірге үкіметке ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен жарғылық капиталына мемлекеттік 100 проценттік үлеспен қатысатын «Қазғарыш ҰК» АҚ-ын құру міндеті жүктелді. «Қазғарыш ҰК» АҚ-ның басты жұмыс бағыттары мыналар:
ҚР ғарыш қызметі саласында ағамдық, ұзақ мерзімді салааралық бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу; ҚР әлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешуге және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған тиімділігі жоғары ақпарат және ғарыш технологияларын жобалау; ғылыми сыйымдылығы жоғары ғарыштық технологиялар мен техникалар шығаруға бағытталған ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыру; халықаралық ғарыш станциясында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу үшін ұшқыш басқаратын ғарыштық сапарларды пайдалану; ұлттық қауіпсіздікті, қорғанысты, қоршаған ортаны қорғауды, төтенше жағдайларды болжауды және монитринг жүргізуді қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік тапсырыстарды орындауға қатысу.

Перейти к новостям спорта