Қазақстанда ғарыштық технологиялар саябағы құрылады - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда ғарыштық технологиялар саябағы құрылады

Қазақстанда ғарыштық технологиялар саябағы құрылады

Қазақстанда ғарыштық технологиялар саябағы құрылады. Бұл туралы бүгін, 17-маусымда "Қазақстан Республикасындағы ғарыш саласындағы ғылыми және инновациялық іс-қызметтердің келешегі мен қазіргі ахуалы" атты конференцияда "ҚазҒарыш" ұлттық компаниясы басқармаларының төрағасы Серік Тұржанов құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 17 Маусым 2005
  • 473
Фото - Caravan.kz

«Біз бұл жобаны таяу уақыттарда жүзеге асыруға кірісеміз»,- деді С.Тұржанов. Бастапқы кезеңде жобаға 150 млн. доллар жұмсалады. «Біз отандық кәсіпкерлер үшін тартымды инвестициялық кеңістік қалыптастыратын боламыз»,- деді С.Тұржанов.

Оның айтуынша, ғарыштық технологиялар саябағы ғарыш зерттеуі саласындағы инновацияларды жобалау және оларды қолданысқа енгізумен шұғылданатын болады.

Перейти к новостям спорта