Қазақстанда ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық иегерлері анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық иегерлері анықталды

Қазақстанда ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық иегерлері анықталды

Қазақстанда 2013 жылдың ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық иегерлері анықталды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев осындай жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

  • 18 Қараша 2013
  • 1661
Фото - Caravan.kz

Жарлыққа сәйкес, ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық «Дифференциалдық теңдеулердің бастапқы-шекаралық есептер теориясына» тақырыбындағы жұмыстар топтамасы үшінБілім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Математика және математикалық модельдеу институты» РМК бас директоры, физика-математика ғылымдарының докторы Тынысбек Кәлменовке берілді.

Сонымен қатар, «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ басқарма төрағасы Серік Ақшолақов; «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ Жұлын нейрохирургиясы және перифериялық жүйке жүйесі патологиясы бөлімшесінің меңгерушісі Талғат Керімбаев; «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ Тамырлы және функционалды нейрохирургия бөлімшесі меңгерушісі Eрбол Махамбетов; «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ Анестезиология, реанимация және қарқынды емдеу бөлімшесінің меңгерушісі Айса Нұрпейісов; Балалар нейрохирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі Марат Рабандияров; Орталық жүйке жүйесі патологиясы бөлімшесінің меңгерушісі Нұржан Рыскелдиев «Қазақстан Республикасында жоғары технологиялы инновациялық ем әдістерін нейрохирургия патологиясында дамыту» тақырыбындағы жұмыстар топтамасы үшін мемлекеттік сыйлыққа лайық деп танылды.

Сондай-ақ, «мемлекеттік сыйлық Қазақстан Республикасының атластық картографиялау саласындағы ғылыми жұмыстар топтамасы үшін: «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ «География институты» ЖШС директоры Ахметқал Медеуге; Геоморфология және геоақпараттық картографиялау зертханасының бас ғылыми қызметкері Фарида Ақияноваға; Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің География және экология ғылыми-әдістемелік орталығының басшысы Әлия Бейсеноваға; «География институты» ЖШС Табиғи қауіп-қатер зертханасының жетекшісі Виктор Благовещенскийге; «Қазморгеофизика» АҚ ғылыми жұмыстар бойынша кеңесшісі Мирғали Қонаевқа; «География институты» ЖШС жобаларды басқару жөніндегі бас менеджері Игорь Мальковскийге; Геоморфология және геоақпараттық картографиялау зертханасының бас ғылыми қызметкері Эмиль Нұрмамбетовке берілсін» делінген құжатта.