Жарияланды: 620

Қазақстанда идеология үшін жауап беретін мемлекеттік органдардың құрылымы түсініксіз

Қазақстанда идеология үшін жауап беретін мемлекеттік органдардың құрылымы түсініксіз, көбіне олар бірін-бірі қайталайды, дейді саясаттанушы Данияр Әшімбаев.

«Бұл жерде мынадай проблема бар: елдегі өзге ведомстволар сынды идеологиялық блоктың құрылымы түсініксіз, өте күрделі», - деді ол Central Asia Monitor басылымының жұмадағы санында жарияланған сұхбатында. Елімізде идеология үшін Мәдениет және ақпарат министрлігі мен президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі жауап береді. «Мысалы, президент әкімшілігі төрағасының салалық орынбасарын алайық. Ол Қазақстан халықтар ассамблеясы сынды ішкі саясат мәселелері үшін жауап береді. Ол тікелей президент әкімшілігі жетекшісіне бағынады. Бірақ, сол желіде мемлекеттік хатшы да бар. Ол өкілеттігі нақтыланбаған қызмет. Осыдан мынадай қиындық туындайды: мемлекеттік хатшы мен президент әкімшілігі жетекшісінің арасындағы қарым-қатынас қағидасы еш жерде жазылмаған. Түптеп келгенде олардың өзара байланысы жеке басқа келіп тіреледі», - дейді Д.Әшімбаев. Сонымен қатар, Қауіпсіздік кеңесі хатшысы Марат Тәжин бар. Бір кезде идеология үшін жауап берген «оның сөзі бұл мәселеде ескерусіз қалмайды». «Президенттің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі тағы бар. Ол да өзін идеологиядағы маңызды тұлға деп есептейді және онсыны үнемі жұрттың есіне салып отырады. Өйткені, ол да әкімшілік қызметкері ғой. Бірақ, оны президент тағайындайды. Яғни, теориялық тұрғыдан алғанда әкімшілік басшысы кеңесшіге тапсырма бере алады, ал бірақ оның сол тапсырмаларды орындауы екіталай», - деп қосты саясаттанушы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін