Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
"Қазақстанда коронавирустың бірінші толқыны болды: сәуір айының екінші жартысында індет шарықтау шегіне жетіп, ауру жұқтырғандардың саны артты. Мамыр айының ортасында індет жұқтырғандардың саны қайта өсті. Бұл коронавирустың екінші толқыны басталғанын білдіреді", — деді министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, осыған дейін денсаулық сақтау министрі Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 12 124-ке жеткенін айтқан еді.