Қазақстанда инфляция 2012 жылдың тоғыз айында 3,9 пайызды құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда инфляция 2012 жылдың тоғыз айында 3,9 пайызды құрады

Қазақстанда инфляция 2012 жылдың тоғыз айында 3,9 пайызды құрады

2012 жылдың 9 айында инфляция 3,9 пайызды құраса, 2011 жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 6,2 пайыз шамасында қалыптасқан болатын.

  • 31 Қазан 2012
  • 373
Фото - Caravan.kz

Бүгін Парламент Мәжілісінде «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша баяндаған ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Бисенғали Тәжіяқов осылай мәлім етті.

«Осы кезеңдер ішінде азық-түлік тауарларының бағасы 3,2 пайызға өссе, азық-түлік емес тауарлар бағасы 2,2 пайызға артты. Ақылы қызметтер 6,5 пайызға қымбаттады», — дейді ҰБ төрағасының орынбасары.

Оның айтуынша, өткен 9 айда еліміздегі ақша базасы 4,1 пайызға тең болып, шамамен 3 трлн. теңгені құраса, жалпы ақша массасы 7,8 пайызға артқан. Осылайша, ақшаға қатысты ұстаным жалпы алдағы экономика өсіміне сәйкес келіп отыр.

«Жыл басынан шығарылған ноталар көлемі 786 млрд. теңгені құраса, депозиттердегі мөлшер 4,5 трлн. теңгеге дейін жетті. Қаржы нарығының жағдайына байланысты қайта қаржыландыру ставкалары 7,5 пайыздан 5,5 пайызға дейін төмендеді. Бұл инфляция мен қаржы құнының төмендеуінде маңызды рөл атқарды», — дейді Б. Тәжіяқов.

Соңғы жаңалықтар