Жарияланды: 330

Қазақстанда инфляция қазан айында 0,7%-ды, жыл басынан бері 4,6%-ды құрады

Қазақстанда 2012 жылдың қазан айында инфляция 0,7%-ды құрады, деп статистикалық агенттік мәлімдеді.

Өткен айда азық-түлік тауарлары 0,6%-ға, ақылы қызмет 0,9%-ға, азық-түлік емес тауарлар 0,6%-ға артты. Жыл басынан бері инфляция 4,6%-ды құрады азық-түлік тауарлар 3,8%-ға, азық-түлік емес тауарлар 2,8%-ға, ақылы қызмет 7,5%-ға қымбаттаған. Жылдық мөлшермен есептегенде инфляция 5,5% құрайды. Орташа жылдық инфляция 5%.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін