Конференцияның басты мақсаты — жеке меншік сектор тарапынан инфрақұрылымды дамытудың халықаралық тәжірибесіне талдау жасау, соның ішінде Қазақстанда инфрақұрылымдық кешенді дамыту саласы бойынша мемлекет пен жеке меншік сектордың ықпалдастық проблемалары мен оның тиімділігін саралау.
Форумға ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрінің орынбасары Наталья Коржова, көлік және коммуникация министрінің орынбасары Әсет Исекешев, Әлемдік банктің Орталық Азия елдері жөніндегі аймақтық өкілдігінің директоры Деннис де Трей, сондай-ақ, инфрақұрылым саласын жауаптанатын министрліктер мен мекемелердің өкілдері, қазақстандық және шетелдік сарапшылар, халықаралық қаржылық институттардың, заңгерлік және консалтингтік компаниялардың өкілдері қатысуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті