Қазақстанда интернет-саудадағы алаяқтыққа қатысты көптеген шағымдар түсуде - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда интернет-саудадағы алаяқтыққа қатысты көптеген шағымдар түсуде

Қазақстанда интернет-саудадағы алаяқтыққа қатысты көптеген шағымдар түсуде

Қазақстанда электронды сауда саласындағы алаяқтыққа қатысты көптеген шағымдар түсуде, деп хабарлады ҚР ұлттық экономика министрлігінің тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің (ТҚҚК) баспасөз қызметінен.  

  • 11 Қараша 2016
  • 548
Фото - Caravan.kz


«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мекенжайына электрондық сауда кезіндегі алаяқтыққа қатысты көптеген шағымдар келіп түсетіндігін және интернет желісінде «СИНЕК» (СИНЭК О.Е.) ЖК, «Билалов Рустем Викторович» ЖК, «Грин-Стайл» ЖШҚ, «Ренова» ЖШҚ, «KZshoping» ЖШС, «OneShop» ЖШС сияқты жосықсыз сатушыларға қатысты көптеген теріс пікірлер бар екендігін тұтынушылардың назарына жеткіземіз», — деп көрсетілген ведомство хабарында.
Хабарда түсіндірілендей, электронды қызмет тұтынушыларының шағымдарына сәйкес «аталмыш субъектілер пайдалануға жарамсыз, сапасыз, көрсетілген талаптарға, үлгіге сәйкес келмейтін, өндірушісі сәйкес келмейтін тауарларды сатқан».
«Барлық жағдайда тұтынушылармен кері байланыс жоқ және тауар «Қазпошта» ұлттық пошта қызметі арқылы жеткізіледі. Оның үстіне, жосықсыз интернет-саудагерлер жұрттың назарын аудару және тұтынушылар тарапынан сенімге ие болу мақсатында «Қазпошта» тауар белгісін қолданады», — делінген мәтінде.  
Хабарда көрсетілгендей, тұтынушылар сайтта аталмыш саудагердің мәліметтері көрсетілмегеніне қарамастан ұлттық пошта байланысы операторының тауарлы белгісіне сенім артады.  
ТҚҚК ғаламтор арқылы тауар сатып алғанда өте мұқият болуға шақырады. Қазіргі таңда ведомство осы бағытта шаралар қолдану бойынша жұмыстар жүргізуде, делінген хабарда.