Жарияланды: 1300

Қазақстанда интернеттегі заңсыз контент туралы мәлімет қабылдайтын "шұғыл желі" құрылмақ

"Интернет - Қазақстан қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі сайттардың заңға қайшы мазмұны туралы интернет пайдаланушылардан мәлімет қабылдайтын "шұғыл желі" құруды жоспарлауда.

"Жоба әрбір азаматқа интернеттегі заң бұзушылықтар туралы интернеттің өз желісі немесе телефон арқылы хабарлау мүмкіндігін береді", - деп "Интернет - Қазақөстан қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің міндетін атқарушы Владимир Төреханов бүгін Алматыда "Интернетте экстремизм, терроризм, нашақорлық, порнография, зұлымдық пен зорлық-зомбылықты насихаттайтын контенттің таралуына қарсы күресте қоғамдық ұйымдар, бизнес пен мемлекеттің орны мен рөлі" аты әдөңгелек үстел" отырысында атап көрсетті. Жоба авторларының пікірінше, пайдаланушылардан келіп түскен анонимді мәліметтерді "шұғыл желі" мамандары өңдейтін болады. Заң бұзушылық орын алған расталғаннан кейін мәлімет тиісті құқық қорғау органдарына жіберіледі. Ол бұл үрдіске мемлекетпен қатар, жұртшылық пен байланыс операторы қатысатынын атап көрсетті. "Біз бұл жоба жыл соңына дейін іске қосылады деген сенімдеміз", - дейді В.Төреханов.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін