А.Тимченконың пікірінше, тұтынушылар үшін ипотекалық несиенің өсімақысын төмендетуді тежеп отырған негізгі проблема — текелей ипотеканың өзі мен несие алушының несиелік тарихының жоқтығы болмақ. Ипотекалық тарихтың жоқтығы банктерді проценттік ставканы жоғары деңгейде белгілеу арқылы тәуекелдерді азайтуға итермелеп, несиенің бұл түріне «арзан» инвестицияларды кеңінен тартуға мүмкіндік бермей отыр. Бұл да өз кезегінде тұтынушылар үшін несиенің өзіндік құнын арттыра түсуде, деді ол.
Сонымен бірге Қазақстанда сақтандыру рыногы ойдағыдай дамымай отыр. Бәсекелестік пен тәжірибенің жоқтығы ахуалында еліміздегі сақтандыру рыногының қызмет құны біршама қымбатқа түсуде. «Жылжымайтын мүлікті сақтандыру ипотекалық несиенің міндетті шарттарының бірі болуға байланысты несиенің өзіндік құнын тағы да анағұрлым қымбаттата түсуде»,- дейді басқарушы директор.
Сонымен бірге А.Тимченко ипоеткалық несие — халық арасындағы ең сұранысы жоғары несиелендіру түрі және банктердің іс-қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі қалпында қала береді дегенге сенім білдірді. Оның пікірінше, Қазақстанда ипотекалық несиеге деген тұрақты қызығушылық бір жағынан баспана қамтамасыздығы проблемасының өткірлігіне, екінші жағынан несиенің бұл түрінің ұзақ мерзімділігі мен сенімділігіне байланысты болмақ.
«Алдағы бірнеше жылда Қазкоммерцбанктің ипотекалық несиеге арналған қоржыны көлемінің өсу қарқыны жыл сайын 100 процентті құрайды»,- деді А.Тимченко. Оның айтуынша, отандық басқа банктер де бұл қоржынды арттыра түсуді межелеп отыр.