Қазақстанда ішкі әуе рейстерінің бағасы көтерілмейді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда ішкі әуе рейстерінің бағасы көтерілмейді

Қазақстанда ішкі әуе рейстерінің бағасы көтерілмейді

Қазақстанда жұмыс істейтін екі ірі əуе компания - Эйр Астана жəне Скат əуе компаниялары халықаралық бағыттағы билет бағасын 20%-ға қымбаттату туралы шешім қабылдады.

  • 23 Қыркүйек 2015
  • 444
Фото - Caravan.kz

Бұл жөнінде ОКҚ брифингісінде Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Бекен Сейдахметов мəлім етті.

«Өздеріңіз білетіндей, əуе компаниялардың шығындарының ұшақтың арендасына, оны жөндеу жұмыстарына, жанармай бағасына жұмсалады. Оның үстіне, ұшқыштар мен инженерлердің көбі  шет елдердің оқу орындарынан білім алады. Бұл жұмыстардың барлығы доллармен есептеледі. Сондықтан, Эйр Астана жəне Скат əуе компаниялары халықаралық бағыттарға ұшатың рейстердің бағасын 20%-ға қымбаттату туралы шешім қабылдады», — деп хабарлады Б.Сейдахметов.

Комитет төрағасы атап өткендей, əуе компаниялары ішкі рейстердің бағасын қымбаттатпайды.


Соңғы жаңалықтар