«Бүгінгі таңда қазақстандықтар үшін ішкі туризм бытыраңқы сипатқа ие. Ол — туыстарына, таныстарына қыдырып бару немесе отбасымен бірген жақын маңдағы демалыс орындарына және курорт-шипажайларға барып-қайту», — деді ол «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне берген сұхбатында.
Сарапшының айтуынша, демалыс орнын таңдауда негізінен қаржы, қауіпсіздік пен қызмет көрсету сапасы сынды үш фактор әсер етеді. «Өкінішке орай, бізде баға мен сапа бір-біріне сай емес, қауіпсіздік мәселесі де реттелмеген», — деп атап өтті ол.
«Ішкі туризмнің дамуына қолбайлау болып отырған тағы бір мәселе — авиабилеттердің қымбаттығы. Туристер ұшақпен Қазақстанның бір жерінен екіншісіне жету үшін 450-500 доллар төлеуі тиіс. Еуропамен салыстырсақ, бір жерден екінші өңірге жету құны орта есеппен 15-30 еуро тұрады», — деді Г.Жеңісбек.
Оның ойынша, бұл проблеманы шешу үшін бәсекелестік ортаны дамытып, ішкі рейстерді қолжетімді бағаға орындайтын шағын әуе компанияларын ашу қажет.
Сұхбат «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің www.interfax.kz сайтында жарияланды.