Қазақстанда іскерлік белсенділік индексі өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда іскерлік белсенділік индексі өсті

Қазақстанда іскерлік белсенділік индексі өсті

ҚР Ұлттық банк қаржы-несие жүйесі департаментінің директоры Жандос Шаймарданов наурызда іскерлік белсенділік индексі өскенін айтты.

  • 6 Сәуiр 2021
  • 37
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Бағалау нәтижелері бойынша іскерлік белсенділік индексі наурызда оң аймаққа өтіп, 50,6 болды (биылғы ақпанда – 49,0). Көрсеткіш 2020 жылдың басынан бері алғаш рет шекті мәннен асып түсті.

Қызмет көрсету саласында ақпанда іскерлік белсенділік индексі 49,2 болса, наурызда 51,2 көтерілген.

Құрылыс саласында ақпанда 47,4 -тен 46,5-ке дейін азайған.

«Аймақтар тұрғысынан алып қарағанда, наурыз айында іскерлік белсенділік 10 өңірде жақсарғанын байқауға болады, 7 облыста нашарлады. Іскерлік белсенділіктің ең жоғары деңгейі Солтүстік Қазақстан (60,9) мен Қостанай (56,9) облыстарында, ең төменгісі – Түркістан облысында (42,3) «,- дейді Жандос Шаймарданов.

Алдағы 6 айда көрсетілетін қызмет индексі 18,6 болуы ықтимал. Бизнес климат индексі ақпанда -11,9 болса, наурызда төмендеген — 9,9 құраған.


Сауалнамаға барлығы 459 кәсіпорын: құрылыс саласынан — 67, өнеркәсіп саласынан — 176, қызмет саласынан — 216 кәсіпорын қатысқан.

Соңғы жаңалықтар