Қазақстанда исламдық қаржылық жаңа Зекет қор тетігі енгізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда исламдық қаржылық жаңа Зекет қор тетігі енгізілді

Қазақстанда исламдық қаржылық жаңа Зекет қор тетігі енгізілді

Қазақстанда исламдық қаржылық жаңа Зекет қор тетігі енгізілді, деп Алматының өңірлік қаржылық орталығының (АӨҚО) баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 30 Мамыр 2011
  • 875
Фото - Caravan.kz

«Қазақстанда ҚМДБ-нің (Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы) исламдық қаржылық жаңа Зекет қор тетігі іске қосылды. Ол зекет және қайырымдылық қаржыларды жинайтын және қоғамдағы мұқтаждарға бөліп беретін арнайы бөлу орталығы болып табылады», — делінген жұма күні АӨҚО сайтында жарияланған жаңалықтарында.

Хабарда айтылғандай, мемлекеттердің көбінде «зекет» төлеу — адамдардың өз еркіндегі тірлік. Бұл ретте Бахрейн, Кувейт, Катар, Сауд Арабиясы, Малайзия сынды мемлекеттерде зекет міндетті мемлекеттік салық болып табылады. Әр мемлекетте зекетті жинау және бөлудің өзіндік жүйесі анықталған.

Аталған қорды құру халықтың өзіндік ресурстарын исламдық қаржыландыру принциптері негізінде жұмылдыруға және олардың қорлауына мүмкіндік береді. Өз кезегінде Зекет қорының қаражатын бөлу трансперенттілік және ашықтық қағидаттарына негізделген, делінеді хабарда.

«Қазақстанда Зекет қорына салық төлеу әркімнің өз еркінде. Зекет қорын басқарғанда әлемдегі осындай белді қорлардың тәжірибесі ескеріледі. Қор тұжырымдамасы «Уакф» (Wakf) үлгісіне негізделген, ол исламдық экономикалық жүйенің құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады», — делінген АӨҚО хабарында.

Зекет – мұқтаждар мен кедейлердің пайдасына деп, сондай-ақ ислам мен ол туралы ілімнің таралуына септігін тигізетін жобаларды дамытуға жиналатын міндетті бір жылдық салық.

«Қазақстанда жаңа исламдық қаржы институты, Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасының Зекет қоры құрылды. Ол көмекке зәру жандарға арналған зекет пен қайырымдылық қаржыны жинайтын арнайы тарату орталығы қызметін атқарады. (…) Қор (…) қаржының исламдық қаржыландыру тәртібіне сай жинақталуын қамтамасыз етеді», — деп атап көрсетілген хабарламада.
Қорға зекет беру ерікті түрде жүзеге асырылады. Дегенмен, Бахрейн, Кувейт, Катар, Сауд Арабиясы, Малайзия сынды елдерде зекет міндетті мемлекеттік салық ретінде енгізілген.
Қор әлемдегі жетекші зекет қорларының тәжірибесі бойынша басқарылады, делінген хабарламада.
Зекет қорының тұжырымдамасы исламдық экономика жүйесінің құрамдас бөлігі болып саналатын «Уа к ф» (Wakf) үлгісіне негізделеді.

Соңғы жаңалықтар