Қазақстанда карантин 5 тамызға дейін ұзартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда карантин 5 тамызға дейін ұзартылды

Қазақстанда карантин 5 тамызға дейін ұзартылды

Қазақстанда карантин 5 тамызға дейін ұзартылды.

  • 16 Шiлде 2020
  • 48
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев айтып берді. Ол еліміздегі коронавирустың таралуын тоқтау үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын түсіндіріп берді.

"5 шілдеден бастап шектеу шаралары енізілген. Ол 5 тамызға дейін ұзартылады. Бұл халықты барынша бөлектендіруді қамтамасыз етуді, коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастарды уақытында анықтау, оқшаулау және емдеу бойынша қабылданып жатқан шаралармен қатар оң нәтиже беруі тиіс. Жағдайды тұрақтандыруды қамтамасыз ету үшін санитарлық талаптарды сақтау керек", — дейді Тимур Сұлтанғазиев.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін карантиннің 2 тамызға дейін жалғасатыны белгілі болған.


Соңғы жаңалықтар