Қазақстанда карантинді бұзғандардың есімі БАҚ-та жарияланады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда карантинді бұзғандардың есімі БАҚ-та жарияланады

Қазақстанда карантинді бұзғандардың есімі БАҚ-та жарияланады

Ashyq-та "қызыл" мәртебесі бар ережебұзушылар тізімі БАҚ-та жарияланады.

  • 22 Шiлде 2021
  • 23
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін, 21 шілдеде Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының тарауына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысы өтті. Оған премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов қатысты. Онда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 19 шілдедегі елдегі эпидемиологиялық жағдай жөніндегі кеңесте берген тапсырмаларының орындалуын ұйымдастыру мәселелері қаралды.

"ВАК Ashyq-та "қызыл" және "сары" мәртебесі бар адамдарға қатысты шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдады. Енді карантин режимін бұзған "қызыл" мәртебесі бар тұрғындардың есімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады", — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, вице-премьер Ералы Тоғжанов мемлекеттік органдардың басшылары мен өңір әкімдіктеріне иммундау тұрғысынан түсіндіру жұмыстарын күшейтуді, сондай-ақ халықты коронавирус инфекциясына қарсы вакцинамен қамтуды арттыру туралы нақты тапсырмалар берді.

Вице-премьер мемлекеттік орган өкілдерінің баяндамаларын тыңдап, қысқа мерзімде Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша келесі шараларды қабылдауды тапсырды:

  • жаңа штамдардың пайда болуын ескере отырып, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі жедел іс-қимылдардың нақты жоспарын әзірлеу және енгізу;
  • QazVac отандық вакцинасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркеу және оны одан әрі үшінші елдердің нарықтарына шығару мәселесін пысықтау, осы бағытта нақты жол картасын әзірлеу;

  • карантин шектеулерін сақтауға қойылатын талаптарды қатаңдату мәселесін пысықтау;
  • вакциналау қарқыны төмен өңірлерге әдістемелік көмек көрсету үшін көшпелі бригадаларды қалыптастыру;
  • коронавирусты диагностикалау мен емдеу хаттамаларына сәйкес реанимация бөлімшелері мен жедел медициналық көмек қызметтерін қосымша жарақтандыруды қамтамасыз ету жөнінде нақты ұсыныстар енгізу;
  • коронавирус жұқтырған науқастарды емдеу үшін "Ремдесивир" препаратын орталықтандырылған сатып алу мәселесін шешу жөнінде шаралар қабылдау;
  • Ішкі істер министрлігі басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жалған вакцинация паспортын жасаудың жолын кесу жөніндегі ведомствоаралық арнайы топ құрсын;
  • Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Атамекен" Ұлттық палатасымен және Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, бизнес субъектілерін Ashyq бағдарламасына енгізу жөніндегі талаптарды жеңілдетсін.
Соңғы жаңалықтар