Қазақстанда Карнеги қорының орталық азиялық бөлімшесін ашу көзделуде - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда Карнеги қорының орталық азиялық бөлімшесін ашу көзделуде

Қазақстанда Карнеги қорының орталық азиялық бөлімшесін ашу көзделуде

Алматы. 3 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда Карнеги қорының орталық азиялық бөлімшесін ашу көзделуде. Бүгін Вашингтондағы Карнеги қорында "Ғаламдық әлемдегі Қазақстан" даган тақырыпта баяндама жасаған ҚР СІМ Марат Тәжин осындай ұсыныс білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 3 Қазан 2008
  • 490
Фото - Caravan.kz

М. Тәжин қор мен оның Қазақстандағы серіктестері арасындағы ынтымақтастықтың жемісі жайлы атап өтті. «Сарапшылардың осындай тығыз байланысы мен өзара мүдделілік Қазақстанда Карнеги қорының орталық азиялық бөлімшесін ашу қажет деген ойға жетелейді. Оның үстіне бүгін қоғамдық дипломатия екі ел үшін айрықша басымдыққа айналды»,- деді М.Тәжин.

ҚР СІМ-нің мәліметінше, Карнеги қорының Мәскеудегі орталығы 1993 жылдан бері жұмыс істеп жатса, қордың басқа филиалдары Пекин, Бейрут, Брюссельде кейінгі үш жылда ашылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар