Жарияланды: 610

Қазақстанда кәсіби біліктілігі төмен шетелдік мамандарды тарту ағымы әлі де сақталып отыр - Сапарбаев

Қазақстанда кәсіби біліктілігі төмен шетелдік мамандарды тарту ағымы әлі де сақталып отыр - Сапарбаев

Астана. 3 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда кәсіби біліктілігі төмен шетелдік мамандарды тарту ағымы әлі де сақталып отыр. Бұл туралы бүгін "Қазақстан Республикасындағы көші-қон саясатының жай-күйі мен оны дамытудың келешегі" тақырыбында өткен үкімет сағатында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев өз баяндамасында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бүгінгі күні жекелеген қиындықтар, проблемалар мен кемшіліктер кездесіп отыр. Көші-қон процессін басқаруда іс-әрекеттерді үйлестіру мен кешенді көзқарас болмай отыр. Қазақстанда кәсіби біліктілігі төмен шетелдік мамандарды тарту ағымы әлі де сақталуда. Ішкі көші-қон бейберекет жүргізілуде. Оралмандарды көші-қон квотасына қамту тетіктері жетілдірілмеген, оралмандар тепе-тең орналастырылмайды, оларды жұмысқа орналастыру тауқыметі туындауда, жұмыссыздық өсіп барады ", - деді Б. Сапарбаев. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін