Қазақстанда кәсіби біліктілігі төмен шетелдік мамандарды тарту ағымы әлі де сақталып отыр - Сапарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда кәсіби біліктілігі төмен шетелдік мамандарды тарту ағымы әлі де сақталып отыр - Сапарбаев

Қазақстанда кәсіби біліктілігі төмен шетелдік мамандарды тарту ағымы әлі де сақталып отыр - Сапарбаев

Астана. 3 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда кәсіби біліктілігі төмен шетелдік мамандарды тарту ағымы әлі де сақталып отыр. Бұл туралы бүгін "Қазақстан Республикасындағы көші-қон саясатының жай-күйі мен оны дамытудың келешегі" тақырыбында өткен үкімет сағатында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев өз баяндамасында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 3 Қараша 2008
  • 597
Фото - Caravan.kz

«Бүгінгі күні жекелеген қиындықтар, проблемалар мен кемшіліктер кездесіп отыр. Көші-қон процессін басқаруда іс-әрекеттерді үйлестіру мен кешенді көзқарас болмай отыр. Қазақстанда кәсіби біліктілігі төмен шетелдік мамандарды тарту ағымы әлі де сақталуда. Ішкі көші-қон бейберекет жүргізілуде. Оралмандарды көші-қон квотасына қамту тетіктері жетілдірілмеген, оралмандар тепе-тең орналастырылмайды, оларды жұмысқа орналастыру тауқыметі туындауда, жұмыссыздық өсіп барады «, — деді Б. Сапарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар