Қазақстанда кәсіпкерлік кодексті дайындау аясында 7 заң тобын алып тастау ұсынылады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда кәсіпкерлік кодексті дайындау аясында 7 заң тобын алып тастау ұсынылады

Қазақстанда кәсіпкерлік кодексті дайындау аясында 7 заң тобын алып тастау ұсынылады

Қазақстан кәсіпкерлерінің кодексін дайындау аясында 7 заң тобын алып тастау ұсынылады, деп Қазақ гуманитарлық әділет университетінің (ҚазГӘУ) азаматтық-құқықтық зерттеулер институтының директоры Төлеш Қаудыров мәлім етті.

  • 3 Маусым 2011
  • 563
Фото - Caravan.kz

Ол бұл туралы жұма күні өтіп жатқан республикалық «ҚР-дағы нормашығарушылық: теория мен практиканың проблемалары» атты конференциясында мәлім етті.

«… Нені алып тастау ұсынылады…: бірінші топ – бизнесті жүргізудің заңгерлік түрін айқындайтын заңдар; екіншісі – бизнестегі инновация туралы; үшіншісі – тұтынушылардың құқығын қорғау туралы; төртіншісі – отандық тауар өндірушілерді қорғау туралы; бесіншісі – бизнестің жекелеген түрлері туралы, банктер туралы, аудит, құнды қағаздар нарығы, көлік, жер қойнауы мен оны пайдалану; алтыншы – лицензиялау туралы, мемлекеттік сатып алулар; жетіншісі – жалпы сипаттағы, бизнестің жекелеген қырлары туралы», — деп түсіндірді сарапшы.

Оның айтуынша, «қандай да заң артық емес, бірақ аталған заңдардың барлығын кодекс қамтитын болады».

Бұрын республиканың әділет вице-министрі Дулат Құсдәулетов хабарлағандай, президент әкімшілігінің тапсырмасымен «2011-ші жылдың 3-ші тоқсанына Қазақстан кәсіпкерлер кодексінің тұжырымдамасын дайындау жоспарлануда». Кодекс кәсіпкерлік саласындағы құқықтық қарым-қатынастарды қорыту үшін, сондай-ақ заңнан тыс қалған бизнес пен мемлекет арасындағы байланысты, шарышалық субъектілерінің қарым қатынасын реттеу үшін әзірленбекші.

Соңғы жаңалықтар