Қазақстанда Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары ашылуда - kaz.caravan.kz
  • $ 459.75
  • 494.14
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары ашылуда

Қазақстанда Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары ашылуда

Бүгін Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі 12 шағын қалада ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту комитеті мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарын (КҚО) ашты. Ол ҚР Үкіметімен 25-ші мамырда бекітілген «2012-2020 жылдарға арналған шағын қалалаларды дамыту бағдарламасына» сәйкес жүзеге асып отыр.

  • 16 Қараша 2012
  • 314
Фото - Caravan.kz

Жезқазған, Саран, Балқаш, Қаражал, Қаратау, Жаңатас, Кентау, Зыряновск, Серебрянск, Құлсары, Жітіқара, Арқалық қалаларындағы тұрақты бұл орталықтарда мемлекеттік қолдау шаралары бойынша ақпараттық-консалтингтік қызмет, бизнесті жүргізу бойынша кеңестер және өзге де қызметтер ұсынылады.

Қордың баспасөз қызметінің хабарлауынша, тұжырымдама бойынша аймақтарда кәсіпкерлер үшін ұсынылатын кешенді қызметтерді үш деңгейлік жүйе бойынша енгізу қарастырылған. Онда қордың аймақтық және Астана мен Алматы қалаларындағы филиалдары жанынан облыс орталықтарында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары, аудандық деңгейде тұрақты Кәсіпкерлерді қолдау орталықтары және жылжымалы Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарын ашу көзделген. Оны жүзеге асыру кезінде барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда 16 Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары ашылады. Қазіргі таңда дәл осындай орталықтар Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істеп жатыр.

Мұндай қызмет түрлері аудандық жерлерде жылжымалы Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарының базасында еліміздің 5 облысында атқарылады. Олар: Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары. Бұл жылжымалы орталықтарда, яғни, арнайы жабдықталған автобустарда білікті мамандар өз кеңестерін жергілікті халыққа ұсынады. Олар кәсіпкерлікке ынтасы бар азаматтарды мемлекеттік бағдарламаларға молынан тарту, ақпараттық-консалтингтік қызметтер ұсыну мақсатында еліміздің аудандары мен ауылдарына жолға шығуға дайын. Ұсынылып отырған кешенді қызметтер өз бизнесін ашудан бастап, оны қалай басқаруға болатындығына дейінгі толық үдерісті қамтиды. Онда кәсіпкерлер үшін заңдық көмек көрсетіліп, жұмыскерлер жинау, бухгалтерлік және салықтық мәселелер бойынша кеңестер беріледі.

Соңғы жаңалықтар