Қазақстанда кәсіптік-техникалық білім беру саласында 29 келісімге қол қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда кәсіптік-техникалық білім беру саласында 29 келісімге қол қойылды

Қазақстанда кәсіптік-техникалық білім беру саласында 29 келісімге қол қойылды

Астана. 19 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда кәсіптік-техникалық білім беру саласында 29 келісімге қол қойылды. Бұл туралы бүгін "Кәсіби білім және бизнес: әріптестер арасындағы сұхбат" тақырыбында алғашқы халықаралық форумда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Жансеиіт Түймебаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 19 Қараша 2008
  • 898
Фото - Caravan.kz

ҚР Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырып отырған форумның мақсаты — мемлекеттің серпінді жобаларын жүзеге асыру, кіші және орта бизнес салаларын мамандармен камтамасыз ету жолдарын карастыру. Форум жұмысына мемлекеттік ұйымдар, ірі отандык компаниялар, еліміздің жоғары оқу орындары, сондай-ақ, ЮНЕСКО, Халықаралык еңбек ұйымы, Еуропалық кәсіби білім қоры, Германия, Норвегия, Голландия, Түркия, Италия елдерінің түрлі ұйымдары мен мекемелерінің өкілдері катысты.

«Әріптестік — кәсіби білім беру мен табысты бизнестің негізі» тақырыбында ҚР Білім және ғылым министрі Ж.Түймебаев баяндама жасады. «KazEnergy» қауымдастығының білім және кадр мәселесі жөніндегі Координациялык кеңес терағасы, Қазақстан Республикасындағы Норвегия Корольдігінің кұрметті Консулы Пер Эйнар Реттедал мұнай газ, энергетика саласына бәсекелестікке қабілетті мамандар дайындау тақырыбында баяндама жасады.

Форумға қатысушылар талқылайтын езекті мәселелер қатарында халықаралык стандарттарға ену мәселесінде экономиканың негізгі секторына сертификацияны жүйелеу және жұмыс берушілерді тарту сұрақтары қарастырылды. Бүгінгі таңда бұл факторлар жастарды жұмыска орналастыруда өзекті мәселе болып отыр. Сонымен катар отандық бизнес пен өндірісті дамытуға өз үлесін қоспақ.

Сол күні форум бағдарламасында «Кәсіби стандарттар және біліктілік бағамының жүйесі» , «Кәсіби білім — еңбек нарығындағы қажеттілік», «Басқарма және мамандар дайындаудағы қаржылық жүйе» тақырыбында секциялық отырыстар өтті. Қауымдастықтар, ірі компаниялар, әкімшілік және оқу орындары арасында меморандумдар мен келісім шарттарға қол қойылды.

Министрдің мәліметінше, қазір өнеркәсіп саласында 93 мың, құрылыс саласында 72 мың, ауылшаруашылығында 36 мың, көлік және байланыс саласында 13 мың қызметкер жетіспейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар