«Соған сәйкес атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны да азая түсуде»,- дейді министрліктегілер.
Аймақтық халықты әлеуметтік қорғау органдарының мәліметі бойынша, 2003-жылы 859,8 мың азаматқа атаулы әлеуметтік көмек тағайындалса, олардың 64,6 проценті ауыл тұрғындары. 2003-жылы атаулы әлеуметтік көмекке арналған жалпы қаржы 7,4 млрд. теңгені құраса, оның 4,5 млрд. теңгесі ауыл тұрғындарына берілді. 2004-жылдың 1-қаңтарындағы жағдаймен атаулы әлеуметтік көмектің орташа айлық мөлшері 1058 теңге болды. «Әлеуметтік аз қорғалған отбасылар орташа есеппен айына 4232 теңге көлемінде қосымша мемлекеттік жәрдемақы алып отыр»,- дейді министрліктегілер.
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша, бүгінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалғандардың саны тұрақтана бастады. Мұндай көмек негізінен балалар, жұмыссыздар, зейнеткерлер, мүгедектер мен 7 жасқа дейінгі баланың бағым-күтімімен айналысатын адамдары бар отбасыларға берілуде. Атаулы әлеуметтік көмекке ие болғандардың 60,3 процентін балалар иемденеді. 2003-жылдың 1-қаңтарындағы жағдаймен атаулы әлеуметтік көмек алатындардың 18,1 процентін жұмыссыздар иемденсе, 2004-жылдың 1-қаңтарында бұл көрсеткіш 14,2 процентке дейін кеміді. 2003-жылы зейнетақы мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшерінің өсуі атаулы әлеуметтік көмекке көз сүзген зейнеткерлер мен мүгедектер санының азаюына әсер етті. 2002-жылы осындай адамдар үлесі 3,9 процент болса, 2003-жылы бұл сан 2,8 процентке дейін кеміді.
«Осындай ағымдар жаңа жұмыс орындарын құру, қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру, жұмыссыздарды оқыту және қайталап оқыту тәрізді халықты еңбекпен қамтудың белсенді тәсілдерін пайдалану нәтижесінде орнықты»,- делінген министрлік хабарламасында.