Қазақстанда кедейлік деңгейі өсіп барады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда кедейлік деңгейі өсіп барады

Қазақстанда кедейлік деңгейі өсіп барады

2022 жылғы ІІІ тоқсанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі (кедейлік деңгейі) 5,3%-ды құрады.

  • 14 Желтоқсан 2022
  • 13
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы  Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, кедейлік қаупіне үй шаруашылықтарының көлемі қатты әсер етеді. Осылайша, 5 және одан да көп адамнан тұратын үй шаруашылықтары арасындағы кедейлік деңгейі 2022 жылғы III тоқсанының қорытындысы бойынша 9,3%-ды құрады, бұл жалпы кедейлік деңгейінен 2 есеге жуық артық.

Сондай-ақ, бюро дерегінше, жұмыссыздар саны 2022 жылғы қарашадағы есеп бойынша 451,5 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшінің 4,9% құрайды. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны 2022 жылғы қарашаның соңына 221,9 мың адамды немесе жұмыс күшінің 2,4% болған.


Айта кетсек, ҚР бойынша 2022 жылғы III тоқсанда айына орта есеппен жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 46 671 теңгені құрады.