Жарияланды: 390

Қазақстанда келесі жылдың басынан бастап зейнетақы 9%-ға артады

Қазақстанда келесі жылдың басынан бастап зейнетақы 9%-ға артады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2013 жылдан бастап зейнетақыны 9%-ға арттыруды ұсынуда.

«Зейнетақы төлемдерінің сатып алу қабілетін сақтау үшін зейнетақы мөлшерін 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап арттыру қаралуда. Қазіргі уақытта тиісті жоба үкімет назарына ұсыну үшін әзірленуде», - делінген Еңбек министрлігінің бүгін алқа жиынының қорытындысы бойынша таратылған хабарламасында. Зейнетақының ең төменгі мөлшері 17491 теңгеден 19066 теңгеге дейін арттырылмақ. Болжам бойынша, 42258 базалық зейнетақыны есепке ала отырып, орташа зейнетақы мөлшері 32928 теңге болмақ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін