Қазақстанда келесі жылы жеті хоспис ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда келесі жылы жеті хоспис ашылады

Қазақстанда келесі жылы жеті хоспис ашылады

Бүгінде елімізде онкология, ЖИТС және басқа да емі табылмаған аурулармен ауыратын жиырма мыңнан аса адам бар.

  • 26 Желтоқсан 2017
  • 145
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Вaq.kz ақпарат агенттігі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.  

Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының «Денсаулық сақтау» бағдарламасы бойынша партиялық куратор комиссиясының отырысында Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Лаура Ахметниязова айтты. Оның айтуынша, жоғарыда аталған адамдардың жартысы ғана хоспистерде паллиативтік көмек ала алады.

Мамандандырылған медициналық мекемелер еліміздің жеті өңірінде ғана бар. Қалған науқастар үйде ем қабылдайды. Осы проблеманы шешу үшін елімізде жеті мекеме ашылады.

Бұдан басқа Қазақстанда паллиативті медициналық көмекті дамыту аясында ведомствода қысқамерзімді жол картасы әзірленді. Құжат бойынша мейірбикелер осындай науқастармен жұмыс істеу үшін арнайы оқиды, қаржыландыру ұлғайып, науқастардың жағдайын жеңілдетуге арналған жаңа препараттар беріледі.


Денсаулық сақтау министрлігі жаңа дәрілерді келесі жылдың басынан бастап бере бастайды. Дәрігерлер ауруды сездірмейтін егуден бөлек арнайы таблеткалар мен пластырь қолданады.