«Әсіресе, халық жаппай демалатын жерлерде таратуға бағытталған «клуб есірткісі» атанған «экстази», ЛСД және марихуананы тәркілеу деректерінің жиілей түсуі айрықша алаңдаушылық тудырады», -деді Б.Қожахметов.
«Есірткіні оқу орындарында және оларға таяу жерлерде, халық жаппай демалатын жерлерде тарату деректері көбейді».
ІІМ мәліметінше, Қазақстанда есірткіні тұтынушылардың 51% — 18 — 30 жас аралығындағы жастар, 5,6% — 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер. Нашақорлардың 74% еш жерде оқымайды және жұмыс істемейді, 8% — ота және жоғары оқу оырндарының оқушылары. Тек 2007 жылы есірткіні артық көлемде тұтыну салдарынан қаза тапқандар саны 473 адамға жеткен, олардың 90% — жастар.
Қазір денсаулық сақтау органдарында есірткілік, психотроптық және улы заттарды тұтынушылардың тізімінде 55,2 мың адам бар, оның 3855 адамы — кәмелеттік жасқа жетпегендер, 4759-ы — әйелдер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті