Қазақстанда халықаралық деңгейдегі курорттар жоқ - сарапшы - kaz.caravan.kz
  • $ 520.91
  • 544.25
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда халықаралық деңгейдегі курорттар жоқ - сарапшы

Қазақстанда халықаралық деңгейдегі курорттар жоқ - сарапшы

Қазақстанда халықаралық деңгейдегі танымал курорттар мен демалыс орындары жоқ. Бұл туралы «Менің елім» ішкі туризмді дамыту қауымдастығының президенті Гаухар Жеңісбек мәлім етті.

  • 27 Желтоқсан 2012
  • 1264
Фото - Caravan.kz

«Жалпы, бізде Бурабай мен Шығыс Қазақстанда тым жақсы демалыс орындары бар, оңтүстікте шипажайлар, Алматыда әсем таулар бар. Бірақ, туристерді тарту үшін қызмет көрсету деңгейін көтеріп, Қазақстан туралы ақпарат кеңістігін қалыптастыру қажет. Әуежайларда, қонақ үйлерде біздің еліміз туралы мәлімет беретін материалдар болғаны дұрыс», — деді ол «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне берген сұхбатында.

«Өкінішке орай, Қазақстанда әзірге шетелдік туристерді тартатындай халықаралық деңгейдегі курорттар жоқ», — деді сарапшы.
Сонымен қатар, ол «қазіргі таңда Қазақстанда сыртқы туризм дамымағанын» тілге тиек етті. «Оның себебі көп: сервис деңгейі төмен, баға болса аспандап тұр, демалатын жерлерде инфрақұрылым дамымаған. Салдарынан сыртқы және ішкі туризммен айналысу турфирмалар үшін тиімсіз болып отыр. Өйткені, олардан түсетін табыс төмен», — деп атап өтті сарапшы.
Оның айтуынша, әдетте шетелдіктер Қазақстанға іскерлік сапармен, форумдар, конференциялар мен көрмелерге қатысуға келеді. Туристердің негізгі легі республикалық маңызы бар Астана мен Алматы қалаларының еншісінде.
Сұхбатты «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің www.interfax.kz сайтынан оқуға болады.