Қазақстанда халықты еңбекпен қамтамасыз ету бағдарламасы 1-ші шілдеде басталады
![]() |
Қазақстанда 1-ші шілдеде халықты еңбекпен қамтамасыз ету бағдарламасы басталады, деп Еңбекпен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау ҚР вице-министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті. |
«Ең алдымен ол (бағдарлама – ҚазТАГ) өз беттерімен жұмыс істеп жүргендер мен жұмыссыздарға және тұрмысы төмендерге бағытталады. Бағдарламаның басталуы биылғы жылы 1-ші маусымда басталады деп жоспарлануда», - деді Б. Нұрымбетов жұма күні сенаттағы тақырыптық конференция барысында.
Оның айтуынша, үкімет «бағдарламаға қатысушыларды оқытып, жұмысқа орналастыруға дайын» мекемелерді қолдайды. «Оларға (жұмыс берушілерге – ҚазТАГ) кадрларды дайындауға кеткен шығынның 70% қайтарылады. Бұл тетік 2012-ші жылдан бастап енгізіледі», - деді вице-министр.
Бұрын хабарланғандай, халықты жұмыспен қамтамасыз ету бағдарламасы 31-ші наурызда қабылданған.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін