Қазақстанда "халықтық компьютер" өндіру туралы жоба жасалуда - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда "халықтық компьютер" өндіру туралы жоба жасалуда

Қазақстанда "халықтық компьютер" өндіру туралы жоба жасалуда

"Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы" АҚ мен Қазақстандағы IT-кәсіпорындар қауымдастығы елімізде "халықтық компьютер" өндіру туралы жоба жасауда. Бұл туралы бүгін, 31-қаңтарда Алматыда "Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы" АҚ Алматы филиалының директоры Бауыржан Әбдірәсілов KZ-today тілшісіне берген сұхбатында атап көрсетті.

  • 31 Қаңтар 2005
  • 841
Фото - Caravan.kz

Бауыржан Әбдірәсіловтың айтуынша, бұл жоба елімізде «электрондық үкімет құру» жобасының аясында әзірленіп жатыр. «Көптеген елдердің тәжірибесі көрсеткеніндей, электронды үкімет жобасын халықтың қолында жеке компьютері, үкіметтің шлюздары мен порталдарына қол жеткізу мүмкіндігі болмайынша жүзеге асыру мүмкін емес»,- деді ол.

Жоба авторлары «халықтық компьютерді» Алматыдағы «Алатау» техносаябағының аумағында өндіруді ұсынып отыр. «Техносаябаққа салықтан жеңілдіктер көрсетіліп, оның инфрақұрылымы тегін пайдаланалатындықтан, біз құны 300 доллар тұратын дербес компьютер өндіре аламыз»,- деді Б.Әбдірәсілов.

Перейти к новостям спорта